17.08.1992

Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығын құру туралы

      Қазақстан кәсiпорындары мен ұйымдарының арасында тiкелей ғылыми, өндiрiстiк және мәдени байланыстарды реттеу мен дамыту, нарықтық қатынастарды, халықаралық сауданы дамыту, сондай-ақ Халық шаруашылығы жетiстiктерiнiң көрмесi алып жатқан территорияның тұтастығын Қазақстан Республикасының ұлттық игiлiгi ретiнде сақтау үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының Халық шаруашылығы жетiстiктерi көрмесiн мемлекеттiң қатысуымен акционерлiк қоғам түрiндегi Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы етiп қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Акционерлiк қоғам қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып саналсын:
      Қазақстанның басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және компаниялармен экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарын орнату әрi кеңейту;
      биржалық және халықаралық сауда, көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
      технопарк құрылымдарын, кәсiпорындардың халықаралық өнеркәсiп-технологиялық кооперациясын дамыту, республика территориясында, басқа мемлекеттерде бiрлескен кәсiпорындар мен халықаралық бiрлестiктер құру және оның қызметi. Орталықтың шет ел инвестициялары мен несиелерiн қатыстыру мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi және осы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Шет ел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiгi жүзеге асырады деп белгiленсiн;
      кәсiпкерлiк қызметтi барынша қолдау;
      шетелдiк және отандық ғылымның, техниканың және аса жаңа технологияның жетiстiктерiн көрсету, оларды енгiзуге жәрдемдесетiн iскерлiк байланыстар орнату;
      қазақстандық кәсiпорындар мен шетелдiк фирмаларға консультациялық, инженерлiк, әдiстемелiк және ұйымдастырушылық қызмет көрсету; Қазақстан Республикасы туралы, оның экономикасы туралы ақпараттық және жарнамалық материалдар әзiрлеу, жариялау және тарату;
      ойын-сауық-мәдени шаралар мен сервистiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру.
      3. Қазақстан iскерлiк ынтымақтастық орталығы Қазақстан Республикасының Халық шаруашылығы жетiстiктерi көрмесiнiң заңды мұрагерi болып табылады және Халық шаруашылығы жетiстiктерi көрмесiне бекiтiлiп берiлген жер учаскесiне орналасады деп белгiленсiн.<*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1993.07.30. N 663
қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 1998.07.24. N 693 қаулысымен .
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 1998.07.24. N 693 қаулысымен .
      5. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 1998.07.24. N 693 қаулысымен .
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп республика үкiметiнiң шешiмдерiне осы қаулыдан туындайтын өзгерiстер енгiзу туралы мәселенi қарап, екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Дата вступления в силу:  17.08.1992
Дата изменения акта:  24.07.1998
Дата принятия акта:  17.08.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  688
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  005004005000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz