23.07.1992

Қазақстан Республикасында ынталы кеншiлер артельдерiнiң қызметiн жақсарту шаралары және асыл металдарды, асыл тастарды және басқа минералды шикiзатты ынталы түрде өндiру мен қайта өңдеудi дамыту туралы

      Асыл металдарды, асыл тастарды және басқа минералды шикiзатты ынталы түрде өндiру мен қайта өңдеудi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Ынталы кеншiлер артельдерiнiң Қазақстан Республикасы Ынталы кеншiлер артельдерiнiң Одағын құру туралы инициативасына қолдау көрсетiлсiн. Ынталы әдiспен алтын өндiрудi молайту жөнiнде "Қазалтын" өндiрiстiк бiрлестiгi 1992-2000 жылдарға арнап жасаған бағдарлама (қоса берiлiп отыр) мақұлдансын. 
      2. Мынадай тәртiп: 
      а) ынталы кеншiлер артельдерi мемлекеттiк кен өндiрушi кәсiпорындармен шарт жасасу негiзiнде құрылатын және олар асыл металдарды, асыл тастарды (қайталама ресурстарды, металл сынықтары мен қалдықтарын жинау мен қайта өңдеудi қоса) және басқа минералды шикiзатты, қоспа және саф алтынды өндiруге және қайта өңдеуге байланысты өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсаттың (лицензияның) негiзiнде жүзеге асыратын; 
      б) мемлекеттiк кен өндiрушi кәсiпорындар: 
      ынталы кеншiлер артельдерi тапсырған кендегi, концентраттағы, байыту фабрикаларының ұнтақтарындағы, металл сынықтары мен қалдықтарындағы асыл металдар, асыл тастар, қоспа және саф алтын және тағы басқа минералды шикiзат үшiн есеп айырысу бағасы бойынша ақы төлейтiн; 
      өндiрiлген және Қазақстан Республикасының Мемқазынасына сақтауға берiлген кеннен, концентраттардан, қалдықтардан алынған асыл металдарды, ұнтақтағы алтынды, сондай-ақ саф алтынды өткiзуден келген валюталық түсiмдi өндiрушiлер арасында (алтын шығарудың жалпы көлемiндегi олардың үлесi ескерiлiп) бөлетiн; 
      в) ынталы кеншiлер артельдерi мүшелерiнiң тiлегi бойынша жеке қызметiне ақы төлеу жоғары сұранымды тауарлар сатып алу үшiн есеп айырысатын бәсiре кiтапшалар түрiнде жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. "Қазалтын" өндiрiстiк бiрлестiгiне есеп айырысатын бәсiре кiтапшалар туралы ереженi әзiрлеу тапсырылсын; 
      г) ынталы кеншiлер артельдерiн материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету өздерiнiң жанынан осындай артельдер құрған немесе олармен шарттық қарым-қатынастары бар мемлекеттiк кен өндiрушi кәсiпорындар белгiлеген нормаларға сәйкес жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 
      3. Дара ынталы кеншiлерге тиiстi өкiлеттiгi бар мемлекет органдары берген лицензиялар бойынша асыл металдар өндiру жөнiнен дербес жұмыс iстеуге рұқсат етiлсiн. 
      Кен өндiрушi кәсiпорындар мен бiрлестiктер оларға соммен немесе бәсiре есеп айырысу кiтапшаларымен ақы төлеп, олардан асыл металдар қабылдап алуды қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi кен қорларын C2 және P1 санаттары бойынша анықтау, iздестiру-бағалау жұмыстарының кезегi аяқталғаннан кейiн асыл металдар мен басқа да минералдық шикiзат өндiрiлетiн ұсақ кен орындарын заңда белгiленген тәртiпке сәйкес ынталы кеншiлер артельдерiне беретiн болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне ескiрген және қаруланудан алынған техника мен жабдықтарды, сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстарды белгiленген тәртiппен ынталы кеншiлер артельдерiне өткiзуге рұқсат етiлсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi "Қазалтын" өндiрiстiк бiрлестiгiмен бiрге ынталы кеншiлер артельдерi өндiрген асыл металдар мен асыл тастардың сақталуын қамтамасыз ету мәселесiн шешсiн. 
      7. Жергiлiктi әкiмдер Қазақстан Республикасының Ынталы кеншiлер артельдерi Одағының өтiнiшi бойынша осындай артельдерде кем дегенде 5 жыл жұмыс iстеген қызметкерлерге, олардың тұрақты тұратын мекендерiне қарамастан, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн басымдық беру тәртiбiнде учаскелер бөлетiн болсын.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы      
Министрлер Кабинетiнiң      
1992 жылғы 23 шiлдедегi     
N 628 қаулысына          
Қосымша               
(Кесте)               


Дата вступления в силу:  23.07.1992
Дата изменения акта:  09.02.2005
Дата принятия акта:  23.07.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  628
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002019000000 / 008002000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz