22.07.1992

Орал қаласында Батыс Қазақстан мәдениет институтын ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Батыс Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң 1992 жылғы шiлдеден бастап Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институтының Орал қаласындағы филиалы мен Орал мәдениет училищесi негiзiнде Орал қаласында Батыс Қазақстан мәдениет институтын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Мемэкономкомымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары әкiмдерiнiң 1992/93 оқу жылында Батыс Қазақстан мәдениет институтын қаржыландыруға арнап 9,8 млн. сом бөлетiнi туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсатқа 1993/94 оқу жылынан бастап республикалық бюджеттен қаражат бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Мәдениет министрлiгi, Батыс Қазақстан облысының әкiмi экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларын әзiрлеген кезде жоғары оқу орнын материалдық-техникалық жасақтауды нығайту, оның кадрлар потенциалын республиканың жоғары оқу орындарына қойылатын

нормаларға сәйкес дамыту жөнiндегi нақты шараларды көздейтiн 
болсын.
     4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жоғары
оқу орнының құрылымын, мамандықтар мен мамандандыру тiзбесiн
анықтап, Батыс Қазақстан Мәдениет институтын ұйымдастыруға
байланысты мәселелердi шешетiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi 
      
      



Дата вступления в силу:  22.07.1992
Дата изменения акта:  22.07.1992
Дата принятия акта:  22.07.1992
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  624
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  021007000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz