Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 17 наурыздағы "Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы" N 684 жарлығын iске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 13 шiлде 1992 ж. N 597. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен. ~P961620

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Батыс Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң 1992 жылғы шiлдеден бастап Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институтының Орал қаласындағы филиалы мен Орал мәдениет училищесi негiзiнде Орал қаласында Батыс Қазақстан мәдениет институтын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Мемэкономкомымен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары әкiмдерiнiң 1992/93 оқу жылында Батыс Қазақстан мәдениет институтын қаржыландыруға арнап 9,8 млн. сом бөлетiнi туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсатқа 1993/94 оқу жылынан бастап республикалық бюджеттен қаражат бөлу мүмкiндiгiн қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Мәдениет министрлiгi, Батыс Қазақстан облысының әкiмi экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларын әзiрлеген кезде жоғары оқу орнын материалдық-техникалық жасақтауды нығайту, оның кадрлар потенциалын республиканың жоғары оқу орындарына қойылатын

нормаларға сәйкес дамыту жөнiндегi нақты шараларды көздейтiн 
болсын.
     4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жоғары
оқу орнының құрылымын, мамандықтар мен мамандандыру тiзбесiн
анықтап, Батыс Қазақстан Мәдениет институтын ұйымдастыруға
байланысты мәселелердi шешетiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi