18.12.1992

Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 , бүкіл мәтін бойынша "ҚР" деген сөздер алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 4 Нормативтік қаулысымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "АІЖК-нің", "АК" деген сөздер тиісінше "АПК-нің", "АК-нің" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңмен көзделген әдістер жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғаудың әсерлі құралы болып табылады.

      Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың біркелкі қолданылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      Ескерту. Атауы мен кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 10 нормативтік қаулысымен .

      1. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтерді тарату деп мына жағдайлар танылады: баспа жүзінде жарияланған, радиомен, теледидардан, жалпы басқа да бұқаралық құралдарды пайдалану арқылы хабарланған, мінездемелерде, арыздарда, әртүрлі ұйымдарға жолданған хаттарда көрсетілген, көпшілік алдында сөйлеу кезінде, лауазымды адамдарға, немесе басқада, оның ішінде бір немесе бірнеше адамға ауызша айтылған мәліметтер. Жеке адам туралы ондай мәлімет тек сол адамның өзіне ғана айтылса, ондай әрекеттерді кір келтіретін мәліметтерді тарату деп есептеуге болмайды.

      Қоғам немесе жеке азаматтардың заңдарды сақтау, моральдық принциптерді орындау туралы көзқарастары бойынша ұйымдар мен азаматтар жөніндегі шындыққа жатпайтын мәліметтер олардың ар-намысына және абыройына кір келтіретін мәліметтер деп есептелінеді (мәселен, арамдық істерді, семьяда, еңбек ұжымында тәртіпсіздік жасады деген, мекеме жөнінде өндіріс-шаруашылық жұмысына нұқсан келтіретін мәліметтер). Сонымен қатар тұрмыста, ұжымда, қоғам орнында, жұмыста болған көпшіліктер туралы айтылған сын мәліметтер шындыққа жатса талапкердің ондай мәліметтерді теріске шығару туралы қойылған талабын негізді деп есептеуге болмайды.

      Ар-намыс деген - азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы.

      Абырой деген - өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.

      Жұмыскерлік атақ деген - адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделдеріне қоғам пікірі бойынша дұрыс берілген баға.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК-нің) 141, 143-баптарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 23 және 150-баптарымен көзделген тәртіпте және негіздер бойынша қозғалған азаматтық істерді қарағанда соттар мынадай жағдайларды толық анықтау керек: талап бойынша бекерге шығару туралы көрсетілген мәліметтер таратылған ба, олар ұйымның атағына, азаматтың ар-намысына және абыройына кір келтіре ме, мәліметтер шындыққа жата ма.

      Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәліметтер шындыққа жатпайтыны анықталған жағдайда, ол мәліметтердің таратылуына кінәсі болмаса да, оларды теріске шығару міндеті жауапкерге жүктеледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      3. Соттың биліктерінде, үкімдерінде, құқық қорғау органдарының қаулыларында және басқа да ресми құжаттарда көрсетілген мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар заң жүзінде шағым бойынша басқа тәртіппен қаралатын болғандықтан, ондағы мәліметтерді Қазақстан Республикасы АПК-нің 23-бабында және АК-нің 143-бабында көзделген тәртіппен қаралмайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      4. Егерде жариялауда аты-жөні көрсетілмеген оның мағынасында кім жөнінде айтылып тұрғаны анық көрініп тұрса, сонымен қатар кір келтіретін мәлімдеме сол әулеттің қайтыс болған мүшесі жөнінде немесе заң жүзінде мұрагерге жататын жақын туысы жөнінде болса, мүдделі адам АПК-нің 8-бабы бойынша сот арқылы ар-намысты және абыройды қорғау туралы талап қоюға құқылы.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10 нормативтік қаулысымен .

      5. Кір келтіретін мәлімдеме кәмелетке толмаған немесе заң жүзінде ешбір қабілеті жоқ деп танылғандар жөнінде таратылған болса, олардың заңды өкілдері ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде талап қоюға құқықты (мысалы, бала қылып алушы, қамқоршы, тәрбиеші) немесе АПК-нің 54-бабының үшінші бөлігі, 55-бабы, 148-бабының төртінші бөлігі бойынша прокурор.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      6. АК-нің 9 және 143-баптарының, егерде біреуді өсектеп, кір келтіретін мәлімдемені таратқан адамның іс әрекетіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 130-бабында немесе 131-бабында көрсетілген қылмыстық белгі болса, жәбірленуші оны қылмыстық іс жүргізу тәртібі бойынша қылмысқа тарту туралы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 408-бабы) және азаматтық іс жүргізу тәртібімен ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде талап қоюға құқықты.

      Кір келтіретін мәлімдемені таратушыны қылмысқа тарту жөнінде қылмыстық іс қозғаудан сот, бас тартса да, ақтау үкімі шығып немесе қылмыстық іс қысқартылса да, бұл жағдайлар азаматтық іс қозғауға кедергі бола алмайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      7. Егер де кір келтіретін мәлімдеме баспада немесе басқада жаппай тәсілмен хабарланса (радио, теледидар т.б.), жауапкер ретінде автор және сол жаппай хабарлау мекемесі тартылады (редакция, баспа т.б.), себебі АК-нің 143-бабының 2-тармағына

      сәйкес талапкерге кір келтіретін мәлімдеме таратылғандығы анықталған жағдайда, ондай мәлімдемені теріске шығару міндетін сот сол мекемеге жүктеуге құқысы бар. Егерде жарияланған немесе басқаша таратылған мәліметте автордың аты көрсетілмесе (мәселен, баспадағы тақырыпта) іс бойынша сол жаппай хабарлау мекемесі жауапкерлікке тартылады.

      Мінездемелерде көрсетілген ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәлімдемелерді теріске шығару туралы талаптар бойынша жауапкерлікке сол мінездемелерге қол қойған адамдар және мінездемені берген мекеме, ұйымдар тартылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен ; ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      8. АК-нің 141-бабы 3-тармағының және 143-бабы 1-тармағының талабы бойынша таратылған мәлімдеменің шындығын дәлелдеу жауапкерге жүктеледі. Талапкер талап арызында көрсеткен жауапкердің өзі жөнінде жалған мәліметті таратқанын ғана дәлелдеуге міндетті. Сонымен қатар ол ар-намысына және абыройға кір келтіретін мәлімдеменің жалған екендігін анықтайтын дәлелдер келтіруге құқылы. Егерде дәлелдер жеткіліксіз болса, сот жақтарға қосымша дәлел келтірулеріне ырық береді немесе оларды өз ынтасымен алдырады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен; ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10 нормативтік қаулысымен .

      9. Егерде талапкердің дауласып отырған мәлімдемесі аппарат агенстводан немесе ресми түрде жаппай хабарлау құралдарынан, жиналыстарда сөйленген әлде автордың сөзінен алынып эфирге шықса, соттар АПК-нің 49 және 50-баптарына сәйкес іске жауапкер ретінде, жаппай хабарлау мекемесімен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда таратылған мәлімдеме шындыққа жататындығын аталған мекеме және жеке адам дәлелдеуге міндетті.

      АК-нің 143-бабы бойынша ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдеменің баспада немесе басқаша түрде хабарланғаны (радио, теледидарда, т.б.) сот билігімен жалған деп табылса бұл теріске шығару туралы мәлімдемені оны жариялаған баспа немесе жаппай хабарлау мекемесі жасайды. Соттың шешіміне қайшы келетін өз талқысын іс бойынша жауапкер болған жаппай хабарлау мекемесі хабарлауы тиіс емес. Егер ондай талқыламалар жіберілсе, онда сот билігі орындалмаған болып есептеледі.

      Ар-намысқа және абыройға кір келтіретін шындыққа жатпайтын мәлімдемелерді таратқан бірнеше жаппай мекемелер, ұйымдар және азаматтар болса ондай мәлімдемелерді сот арқылы теріске шығару туралы талапты олардың барлығына бірден бір мезгілде талап қоюға болады (АПК-нің 49 бабы).

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен; ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10; 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      10. Заңда көрсетілген реттерді қоспағанда, талапкердің талабы бойынша ар-намысқа және абыройға кір келтіретін мәлімдемелердің таратылғанын теріске шығару үшін АК-нің 187-бабында көрсетілген заңды талап мерзімі қолданылмайды.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен; ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 N 10 нормативтік қаулысымен .

      11. Егерде талапкерге кір келтірді деген мәлімдемені сот шындыққа жатқызса, сондай-ақ егерде таратылған мәлімдеме оған кір келтірмейтін болса, ондай теріске шығару туралы талапты қанағаттандыруға болмайды.

      12. Талаптарды қанағаттандыруда сот шешiмнiң қорытынды бөлiмiнде нақты қандай кiр келтiретiн мәлiметтер шындыққа сәйкес келмейтiнiн және қандай тәсiлмен олар терiске шығарылуына жататыны мiндеттi түрде көрсетiлуi керек.

      Терiске шығару азаматтардың ар-намысы абыройына және iскерлiк беделдiлiгiне немесе заңды тұлғаға таратылған мәлiметтердiң шындыққа жатпайтындығын көпшiлiкке хабарлау деп түсiндiрiледi.

      Бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдар құжаттарынан шыққан, кiр келтiретiн мәлiметтердi терiске шығару тәртiбi АК-нің 143-бабының 2-тармағында анықталған.

      Басқа жағдайларда терiске шығару жолын сот белгiлейдi.

      Терiске шығару тәртiбiн анықтай отырып, сот барлық жағдайларда кiр келтiру мәлiметтерiнiң шындыққа жатпайтынын жариялы түрде хабарлауды қамтамасыз етуге мiндеттi (шешiм шығару туралы ақпарат құралдары, радио, теледидардан т.с.с. хабарлау).

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15. N 5 қаулысымен; өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      13. Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талабымен бірге талапкер одан келтірілген мүлік зиянды өндіру туралы талап қоюға құқы бар.

      Ар-намысты және абыройды қорғау туралы талапты қарағанда онымен қатар азаматтардың немесе заңды құқы бар мекемелердің ар-намысқа және абыройға кір келтірген мәлімдемелердің таратуынан келтірілген рухани зиянды, (мүлікке жатпайтын), не басқада мүлікке жатпайтын зиянның орнын толтыру талаптарында қарауға соттың мүмкіндігі бар. Билік шығарылғанда рухани зиянның (мүлікке жатпайтын) мөлшері кір келтіретін мәлімдеменің мағынасына қарай (қылмыс жасады деуі, әкімшілік-құқықты, азаматтық құқықты бұзуды, адамгершілікке жатпайтын қылық жасады, т.б), оның қаншама жарияланғанына, жауапкердің кінәсінің түріне, оның тұрмыс жайына және басқа еске алуға жататын жағдайға байланысты ақшалай есептеледі.

      Рухани зиянды (мүлікке жатпайтын) қалпына келтіру туралы талапқа заңды талап мерзімі жатпайды (АК-нің 187 бабы).

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15 N 5 қаулысымен.

      14. Азаматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорлауды болдырмау және ескерту мақсатында, соттар шындыққа жатпайтын кір келтіретін мәлімдемелерін таратқан адамдар және ұйымдар жөнінде жеке ұйғару шығару мәселесін талқылау қажет.

      15. Егерде талапкердің ар-намысына және абыройына кір келтірген мәлімдемені теріске шығару туралы сот билігі белгіленген мерзімде орындалмаса немесе дұрыс орындалмаса, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтірген жауапкер заң актілерімен көзделген ретте әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

      Талапкерге кір келтірген мәлімдемені бекерге шығарған сот билігінің орындалуы бұзушының салынған штрафы төленгенімен тоқтатылмайды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы сотының 18.06.2004 Нормативтік қаулысымен .

      16. Осы қаулының қабылдауына байланысты Қазақстан Республикасында бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Сотының N 2 1989 жылғы наурыздың 2 жұлдызындағы "Ар-намысты және абыройды қорғау жөнінде Советтік Социалистік Республикалар Одағының және Одақтас Республикалардың азаматтық заңдар негізінің 7 бабын сот тәжірибесінде қолдану туралы" Пленум қаулысы қолданылмайды.

      17. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

Дата вступления в силу:  18.12.1992
Дата изменения акта:  31.03.2017
Дата принятия акта:  18.12.1992
Информация об официальном опубликовании акта:  (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 2 том, 3 бет)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  105000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  725
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  6
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  029001000000 / 026000000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz