Қазақ ССР Президентiнiң СОКП мүлкi туралы жарлығын орындау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1991 жылғы 30 тамыздағы N 503

      Қазақ ССР Президентiнiң 1991 жылғы тамыздың 25-iндегi "Қазақ ССР-ының территориясындағы СОКП мүлкi туралы" Жарлығын орындай отырып, Қазақ ССР Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ ССР Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақ ССР Қаржы министрлiгi, Қазақ ССР Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстық атқару комитеттерi, Алматы және Ленинск қалалық атқару комитеттерi, басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволар Қазақ ССР Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң қатысуымен он күндiк мерзiм iшiнде Қазақ ССР-нің территориясындағы СОКП мүлкiн есепке алатын болсын.
      Қазақ ССР Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi облыстық атқару комитетiмен және Алматы қалалық атқару комитетiмен бiрлесе отырып есепке алу нәтижелерi бойынша бұрын СОКП иелiгiнде болған мүлiктi пайдалану жөнiндегi ұсыныстарын енгiзетiн болсын (осы қаулысының 2 тармағында көрсетiлгендерден басқа).
      2. Кәсiпорындардағы, мекемелердегi және ұйымдардағы партия комитеттерiнiң мүлкi сол кәсiпорындарға берiледi деп белгiленсiн.
      Қазақ ССР Президентi мен Қазақ ССР Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетiнiң Iс басқармасынан оның қарамағындағы мүлiктi қабылдап алсын.
      3. Қазақ ССР Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақ ССР Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақ ССР Қаржы министрлiгiмен бiрге партия комитеттерi құрған кәсiпкерлiк құрылымдарға (оның iшiнде бiрлескен кәсiпорындар да) жалға немесе жарғылық қорларға берiлген СОКП мүлкiн анықтасын және оларды пайдалану туралы ұсыныстарын енгiзетiн болсын.
      Жекешелендiрiлген объектiлердiң нақтылы құнын анықтауды қолданылып жүрген тәсiлдерiн пайдалана отырып, аталған мүлiктiң бағасы шығарылсын.
      4. Қазақ ССР Ұлттық мемлекеттiк банкi мен Қазақ ССР-iнiң коммерциялық банкiлерi 1991 жылғы тамыздың 30-ынан бастап СОКП мүлкiн есепке алуды аяқтағанға және оны пайдалану туралы шешiм қабылданғанға дейiн партия комитеттерiнiң есептерi бойынша операциялары тоқтатылсын. Тек қана Коммунистiк партиялық Орталық, облыстық және аудандық комитеттерiнiң есептерiндегi жалпы 1991 жылғы қыркүйектiң 1-iне дейiн орындалған жұмыс пен қызмет көрсетуге еңбек ақы, республика территориясында өткiзiлген съездер мен конференциялардың ұйымдастырушылары мен делегаттарына қызмет сапары шығындарын, ауыруына байланысты қағаз мен қызметтен босағандарға қолданылып жүрген заңға сәйкес және ақы төлеуге арналған қаржыларын алу үшiн жүргiзiлген операцияларға рұқсат етiлсiн.
      5. Жұмыстан босатылған қызметкерлердiң тұрғын үй, еңбек және басқа да әлеуметтiк праволары мен кепiлдiктерi қолданылып жүрген заңға сәйкес қамтамасыз етiледi.
      6. Қазақ ССР Iшкi iстер министрлiгi мемлекет меншiгiне партия мүлкiн алуға, алмастыруға, ұрлауға және үлестiрiп беруге жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдайтын болсын.
      Қажеттi жағдайларда үй-жай, бөлмелердi, ғимараттарды және басқа да партия мүлкiн күзетудi қамтамасыз ететiн болсын.
      Осы қаулының талап-тiлектерiнiң бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақ ССР заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шара қолданылсын.
     Қазақ ССР Премьер-министрiнiң
           Орынбасары