11.06.1991

Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Украина Советтiк Социалистiк Республикасы арасындағы шартты бекiту туралы


     Қазақ ССР Жоғарғы Советi қаулы етедi:
     Қазақ ССР Министрлер Кабинетi бекiтуге ұсынған, 1991 жылғы
ақпанның 20-ында Алматы қаласында қол қойылған Қазақ Советтiк
Социалистiк Республикасы мен Украин Советтiк Социалистiк    
Республикасы арасындағы шарт бекiтiлсiн.

     Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 
            Төрағасы

             Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен
          Украина Советтiк Социалистiк Республикасы арасындағы
                               Шарт



      Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Украина Советтiк Социалистiк Республикасы, бұдан әрi екi Жақ деп аталатын болады:
      Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы 1990 жылғы 25 қазандағы декларациясы мен Украинаның Мемлекеттiк егемендiгi туралы 1990 жылғы 16 шiлдедегi декларациясын негiзге ала отырып,
      халықтардың өз тағдырын өзi билеу правосын қуаттай отырып,
      екi республиканың халықтары арасында тарихи қалыптасқан байланыстарды, олардың мәдениеттерiнiң бiрiн бiрi өзара байыту дәстүрлерiн ескере отырып,
      Қазақстан мен Украинаның демократиялық праволық мемлекеттерiн құруға деген өз халықтарының еркi мен олардың бекемдiгiн бiлдiре отырып,
      өздерiнiң мемлекетаралық қатынастарын егемендi теңдiк, iшкi iстерге араласпау, күш қолданудан, қысым жасаудың экономикалық және өзге де кез келген әдiстерiн қолданудан бас тарту, даулы проблемаларды келiсу құралдарымен реттеу принциптерi, сондай-ақ халықаралық правоның жалпы жұрт таныған басқа да принциптерi мен нормалары негiзiнде дамыту қажеттiгiне сенiмдi бола отырып,
      өздерiнiң арасындағы достық және өзара тиiмдi ынтымақтастық қатынастарын одан әрi дамыту мен нығайту екi мемлекет халықтарының түбегейлi ұлттық мүдделерiне сай келедi және бейбiтшiлiк пен хауiпсiздiк iсiне қызмет етедi деп санай отырып,
      егемендi мемлекеттерiнiң жаңарған одағын ерiктi негiзде құруға және дамытуға барынша жәрдемдесуге деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, сондай-ақ Хельсинки Қорытынды актiсiнiң, жаңа Европаға арналған Париж хартиясының және Европа мен Азиядағы халықаралық хауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi басқа да негiзгi халықаралық праволық құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өзiнiң адалдығын қуаттай келiп,
      адам праволары саласындағы халықаралық правоның жалпы жұрт таныған нормаларын, сақтауға мiндеттене отырып,
      мына төмендегiлер жөнiнде уағдаласты.

                 1-статья

      Екi жақ бiрiн бiрi егемендi мемлекет деп танып, өздерiнiң мемлекеттiк егемендiгiне нұқсан келтiруi мүмкiн әрекеттерге бармауға мiндеттенедi.

                2-статья

      Екi Жақ азаматтық туралы заңдар қабылдағаннан кейiн Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Украина Советтiк Социалистiк Республикасының территорияларында тұратын барлық ССРО азаматтарына өздерi территориясында тұратын Жақтың азаматы болу правосына кепiлдiк бередi.
      Басқа бiр Жақтың территориясында тұратын адамдардың екiншi Жақтың азаматтығын алу мәселелерi екi Жақтың азаматтық туралы заңдары негiзiнде тиiстi келiсiммен реттелетiн болады.

                3-статья

      Екi Жақтың әрқайсысы өзiнiң территориясында тұратын екiншi Жақтың азаматтарына екi Жақтың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өз азаматтарымен бiрдей праволары мен бостандықтарға және олардың праволық жағынан бiрдей қорғалуына кепiлдiк беруге мiндеттенедi.
      Екi Жақтың әрқайсысы екiншi Жақтың территориясында тұратын өз азаматтарының праволарын қорғайды, халықаралық правоның жалпы жұрт таныған нормаларына сәйкес оларға қамқорлық және қолдау көрсетедi.

                4-статья

      Екi Жақ аз ұлттардың және қалыптасқан бiрегей этникалық-мәдени аймақтардың этникалық, мәдени, тiл жөнiндегi дiни өзiндiк ерекшелiктерiнiң көрiнуiне, сақталуына және дамуына жәрдемдеседi.
      Қазақ ССР-i мен Украина ССР-i тиiсiнше Украина территориясында тұратын қазақтардың және Қазақстанда тұратын украиндықтардың ұлттық-мәдени, рухани және тiлдiк қажеттерiн қанағаттандыруға қамқорлық жасайды. Екi Жақтың әрқайсысы қолданылып жүрген заңдар шеңберiнде ондай адамдарға және олардың ұйымдарына екiншi Жақтың жәрдем көрсету мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi және жеңiлдетедi.

                5-статья

      Екi Жақ өз халықтары мен мемлекеттерiнiң саясат, экономика, ғылым, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау, экология, техника, сауда саласында, гуманитарлық және басқа салалардағы тең праволы және өзара тиiмдi ынтымақтастығын дамытады, кең көлемде хабарламалар алмасуға көмектеседi.
      Екi Жақ тиiстi салаларда ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасауды қажет деп есептейдi.

                6-статья

      Екi Жақ Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы мен Украин Советтiк Социалистiк Республикасының қазiргi шекаралардағы территориялық тұтастығын таниды және құрметтейдi.

                7-статья

      Екi Жақ халықаралық бейбiтшiлiктi одан әрi нығайтуға ұмтыла отырып, екi Жақтың Мемлекеттiк егемендiк туралы декларациялары негiзiнде және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына сәйкес қорғаныс пен хауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында екi мемлекеттiң ынтымақтастығын қажет деп таниды.

                8-статья

      Екi Жақ ортақ үйлестiрушi институттары арқылы тең праволы негiзде жүзеге асырылатын өздерiнiң бiрлескен қызметi саласына мыналар жатады деп таниды:
      - сыртқы саясаттағы өзара iс-қимыл;
      - жалпыадамзаттық қазыналарды игеру мен сақтаудағы, адам праволарын және азаматтардың праволарын қорғауды қамтамасыз етудегi өзара iс-қимыл;
      - жалпы экономикалық, праволық, гуманитарлық және

хабарламалық кеңiстiктi қалыптастыру мен дамытудағы 
ынтымақтастық; 
     - таможнялық саясат мәселелерi;
     - энергетика, транспорт және спутниктiк байланыс пен
телекоммуникацияны қоса байланыс жүйелерiн басқару;
     - айналадағы ортаны қорғау саласындағы, соның iшiнде
ластанудың ғаламдық таралуын болдырмау және экологиялық
хауiпсiздiктiң әмбебап халықаралық жүйесiн жасауға қатысу
жөнiндегi ынтымақтастық, төтенше жағдайларда өзара көмек
көрсету;
     - көшiп-қону саясатының мәселелерi;
     - халықаралық қылмыскерлiктi қоса қылмыскерлiкке қарсы
күрес.

               9-статья



      Екi Жақ Чернобыль апатының, Арал теңiзi аймағындағы экологиялық апаттың және Семей полигонында ядролық қару сынаудың келеңсiз зардаптарының планеталық сипатын ұғынады және жоғарыда аталған проблемалардың барлық қырлары бойынша хабарламалар алмасуға, олардың зардаптарын жою жөнiнде өз күш-жiгерiн, соның iшiнде халықаралық деңгейде де бiрiктiрiп, үйлестiрiп отыруға мiндеттенедi.

                10-статья

      Екi Жақ басқа Жақтың территориясында орналасқан бiр Жақтың мемлекеттiк мүлкiнiң, заңды ұйымдары мен азаматтары мүлкiнiң праволық режимi екi Жақтың заңдарымен, ал қажет болған жағдайда ерекше келiсiммен реттеледi деп санайды.
      Екi Жақ жалпыодақтық меншiк деп аталатын объектiлерге

қатысты барлық мәселелер мүдделi Жақтардың қатысуымен ерекше
келiсiмдер негiзiнде реттелуге тиiс екенiне келiседi.

               11-статья

     Екi Жақтың экономикалық қатынастары келiсiмдермен
реттеледi, барынша қолайлылық режимiн туғызу бұл келiсiмдердi
ажырамас бөлiгi болып табылады. Екi Жақ:
     - мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары;
     - банктер мен қаржы жүйесi;
     - Ғылым академиялары;
     - кәсiпорындар, бiрлестiктер, ұйымдар мен мекемелер;
     - бiрлескен қазақ-украин және украин-қазақ кәсiпорындары
мен ұйымдары;


      - жеке кәсiпкерлер деңгейiнде экономикалық, сауда, ғылыми-техникалық қатынастардың дамуын қамтамасыз етедi.
      Екi Жақ шаруашылықаралық қатынастардың, сауда-саттық жасаудың, байланыс пен тасымалдың барлық түрлерiнiң нақты механизмдерi, сондай-ақ экономикалық және хабарламалық ынтымақтастық мәселелерi үкiметаралық келiсiмдермен реттелетiнiне келiседi.
      Екi Жақ өзара қабылдаған мiндеттемелердi адал және

мүлтiксiз сақтайтын болады және екi Жақтың өздерiнiң экономикасын
тұрақсыздандыратын немесе екi Жаққа нұқсан келтiретiн
экономикалық шараларды бiржақты тәртiппен қолданбайды.

               12-статья

     Екi Жақ өзара өнiм беру мен қызмет көрсету, төлем төлеу,
баға және бағалы қағаздардың қолданылуы туралы үкiметаралық
келiсiмдер жасасады. Келiсiмдердiң бұл тiзбесiн түпкiлiктi деп
қарауға болмайды.
     Екi Жақ баға саясатын үйлестiру жөнiнде шаралар қолдануға
мiндеттенедi.

               13-статья



      Екi Жақ әрқайсысы өз территорияларында орналасқан теңiз, өзен және әуе порттары, темiр жолдар, автомобиль жолдары желiсi және құбыр жолдары арқылы екiншi Жақтың транзиттi транспорт операцияларын қамтамасыз етедi.

     Транзиттi транспорт операцияларын жүзеге асырудың
шарттары мен тәртiбi екi Жақтың арнаулы келiсiмдерiмен
белгiленедi.

               14-статья

     Екi жақ мемлекетаралық қатынастардың басқа барлық
салаларындағы ынтымақтастық туралы қосымша шарттар немесе
келiсiмдер жасасу правосын өзiнде қалдырады.
       
               15-статья

     Екi Жақ өкiлеттi өкiлдiктер алмасады.
     Өкiлдiктер алмасу тәртiбi мен олардың статусы арнаулы
келiсiммен реттеледi.

               16-статья

     Осы Шартты түсiну мен қолдануға қатысты даулар 
келiссөздер жүргiзу жолымен шешiлуге тиiс.

               17-статья



      Осы Шарт екi Жақтың үшiншi мемлекеттерге қатысты мiндеттемелерiн және бiрлескен қызметтiң Шарт арқылы белгiленген саласына, соның iшiнде хауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласына да қатысу туралы үшiншi жақтармен шарттар жасасу правосын қозғамайды.

                18-статья

      Екi Жақ осы Шартты орындау мәселелерi бойынша екi жақты консультациялар мен келiссөздердi үнемi жүргiзiп отырады.
      Осы Шартты жүзеге асыру мақсатында екi Жақ сондай-ақ

ынтымақтастық жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн парламентаралық
комиссия құруды қажет деп санайды.

               19-статья

     Екi Жақтың әрқайсысы консультациялар шеңберiнде осы
Шартты немесе оның жекелеген статьяларын одан әрi қолданудың 
қисындылығы туралы келiссөздер жүргiзуге инициатива жасау
правосын өзiнде қалдырады.
     Осы Шарттың ережелерi екi Жақтың өзара келiсiмi бойынша
толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.

               20-статья

     Осы Шарт бекiтiлуге тиiс.
     Бекiту грамоталары Киев қаласында алмасылатын болады.
     Осы Шарт бекiту грамоталары алмасылған күнi күшiне енедi.

               21-статья

     Осы шарт он жыл мерзiмге жасалады.


      Егер екi Жақтың бiрде-бiреуi Шартты бұзғысы келетiнiң оның қолданылу мерзiмi бiтетiн кезден кем дегенде алты ай бұрын жазбаша хабарлау жолымен мәлiмдемейтiн болса, бұдан кейiн оның қолданылуы келесi он жыл мерзiмге өздiгiнен жалғаса бередi.

     Алматы қаласында 1991 жылы 20 ақпанда екi дана етiп,
әрқайсысы қазақ, украин және орыс тiлдерiнде жасалды және
үш текстiң де күшi бiрдей.

               22-статья

     Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн тiркеу және жариялау үшiн
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Секретариатына жiберiледi.

Қазақстан Советтiк Социалистiк         Украин Советтiк Социалистiк
Республикасы үшiн                      Республикасы үшiн

Қазақ Советтiк Социалистiк             Украин Советтiк Социалистiк
Республикасының Президентi             Республикасы Жоғарғы 
                                       Советiнiң Төрағасы
                                                
      
      



Дата вступления в силу:  11.06.1991
Дата изменения акта:  11.06.1991
Дата принятия акта:  11.06.1991
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  370
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  032003000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz