25.03.1988

КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Өнеркәсіп орындарынан сапасы төмен, стандартқа сай келмейтін немесе комплектісіз өнім шығарғаны үшін және мұндай товарларды сауда кәсіпорындарында сатуға шығарғаны үшін жауаптылық туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Өнеркәсіп кәсіпорындарынан сапасы төмен, стандартқа сай келмейтін немесе комплектісіз өнім шығарғаны және біле тұра сапасы төмен товарларды сатқаны туралы істер жөніндегі сот практикасын жинақтап қорыту нәтижелерін талқылай келіп, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы мыналарды атап көрсетеді:
      СССР Жоғарғы Соты Пленумының жоғарыда аталған қаулысында баяндалған түсініктемелерді басшылыққа ала отырып, соттар бұл категориядағы істерді негізінен дұрыс қарайды.
      Сонымен бірге соттардың жұмысында кемшіліктер мен қателіктер де бар. Қылмыстық кодекстің 152-статьясында көзделген қылмыстардың субъектісі болып табылмайтын адамдарды сапасы төмен өнім шығарғаны үшін соттауға жол беріледі. Кейбір соттар қылмыстың аяқталған сәтін дұрыс анықтамайды да, өнім шығару деп сапасы төмен өнім әзірлеу фактісінің өзін, яғни завод ішінде ақау болған жағдайды ғана түсінеді. Сапасы төмен өнім шығарудан келтірілген материалдық залалды толық өтеуге шаралар қолданылмайды.
      Сапасы төмен өкім шығару және сапасы төмен товарлар сату фактілерін жою мақсатындағы алдын алу - профилактикалық құралдар нашар пайдаланылады.
      Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы
      Қаулы етеді:
      1. Өнеркәсіп кәсіпорындарынан сапасы төмен, стандартқа сай келмейтін немесе комплектісіз өнім шығару, сондай-ақ сапасы төмен товарларды сату экономикаға елеулі нұқсан келтіріп, тұтынушылардың заңды праволары мен мүдделерін бұзатынына соттардың назары аударылсын, сондықтан бұл право бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, праволық нормаларды, ССР Жоғарғы Соты Пленумының басшы түсініктемелерін қатаң сақтау шаруашылық қатынастар өнім сапасын арттыру шарттарының бірі болып табылатынына соттардың назары аударылсын.
      2. Қылмыстық кодекстің 152-статьясындағы өнеркәсіп кәсіпорындары деп дербес шаруашылық единицаларын (кәсіпорын, бірлестік, комбинат және басқалары) ғана емес, сонымен бiрге олардың аяқталған өндiрiстiк циклі бар, өнiм шығару правосымен пайдаланатын құрылымдық бөлiмшелерiн де ұғыну керек екендiгi соттарға түсiндiрiлсiн. Өнеркәсiптiк сипаттағы өнiм өндiретiн және дербес өнiм шығару правосы бар құрылыс, сауда ұйымдарының, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының, колхоздың, совхоздардың бөлiмшелерiн (заводтар, цехтар, бөлiмдер), сондай-ақ халық тұтынатын товарлар жасап шығаратын не табиғи байлықтарды өндiретiн және өңдейтiн кәсiпорындарды да өнеркәсiп кәсiпорындары деп есептеу керек.
      Үйлер мен ғимараттар салуды жүзеге асыратын құрылыс ұйымдары, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өсiретiн, не машиналарды, механизмдерді, тұрмыстық техниканы жөндейтiн кәсiпорындар өнеркәсiп кәсiпорындарына жатпайды, өйткенi сапасы төмен құрылыс және сапасы төмен жөндеу жұмыстары үшін арнаулы праволық нормалар бойынша жауаптылық белгiленген (Қылмыстық кодекстің 153, 154-статьялары).
      3. Заңның мәнi бойынша тұтынушыға (алушыға) берiлген немесе жiберiлген өнiм ғана емес, сондай-ақ кәсiпорынның техникалық бақылау бөлiмi қабылдаған және оның сапасын куәландыратын документ рәсімделіп, дайындаушының қоймасында жатқан өнiм де шығарылған өнiм деп есептеледi. Мұндай документтердiң қатарына техникалық паспорт, сертификат, сапа туралы куәлiк, техникалық бақылау бөлiмiнiң штампы және т.б. жатады.
      4. Қылмыстық кодекстiң 152-статьясында көзделген қылмыс субъектiсінің тiзбесi тұжырымды болып табылады және кеңейтiп талқылауға жатпайды. СССР Министрлер Советiнiң 1986-жылғы 12-майдағы N 542 қаулысымен бекiтiлген бiрлестiктер мен кәсiпорындардағы өнiмдi Мемлекеттiк қабылдау туралы ережеге сәйкес мемлекеттiк қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қабылданған өнiмнiң сапасы үшiн заңда белгiленген тәртiппен жауапты болады. Мұндай адамдардың сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн немесе комплектісіз өнiмдi қабылдауымен сипатталатын iс-әрекетi, егер бұл мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделерге не азаматтардың праволары мен заң қорғайтын мүдделерiне елеулi зиян келтiрген ретте, қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау немесе салақтық ретiнде Қылмыстық Кодекстiң 143 немесе 145-статьялары бойынша квалификациялануы мүмкiн.
      5. Директорға, бас инженерге, техникалық бақылау бөлiмiнiң бастығына немесе олардың қызметiн атқаратын адамдарға сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн немесе комплектiсiз өнiмдi қасақана шығаруға жәрдемдескен адамдардың iс-әрекетi Қылмыстық кодекстiң 17 және 152-статьялары бойынша қылмысқа қатысу ретiнде квалификациялануға тиiс.
      Сапасы төмен, комплектiсiз немесе стандартқа сай келмейтiн өнiм шығаруға емес, тек қана сондай өнiм әзiрлеуге (завод iшiндегi ақау) кiнәлi лауазымды адамдардың іс-әрекеті, оған негiз болған жағдайда, қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауды немесе салақтықты құрайды.
      Сапасы төмен өнiмдi тiкелей дайындаушы лауазымды адам емес қызметкердiң жауаптылығы еңбек заңдарының нормалары бойынша белгiленедi.
      6. Өнеркәсiптiк өнiм деп тану үшiн бұл өнiм сериялы түрде, жаппай немесе шағын топпен шығарылуы мiндеттi емес. Сонымен бiрге көрме үшiн үлгi, экспонат ретiнде әзiрленген заттар, өндiрiс үшiн игерiлетiн өнiмдер мен бұйымдардың тәжiрибелiк топтары, өнеркәсiптiк өнiм болып табылады.
      7. СССР Жоғарғы Соты Пленумының аталған қаулысының 4-тармағында баяндалған түсiнiктемелерге сәйкес, сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн немесе комплектісіз өнiм, басқа кәсiпорындар жеткiзiп берген сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн шикізатты, материалдарды немесе комплектiлейтін бұйымдарды пайдалана отырып әзiрленген реттерде де, Қылмыстық кодекстің 152-статьясы бойынша жауаптылық пайда болады. Мұндай реттерде сот сапасыз шикізат пен материалдарды жеткiзу фактiлерiне жеке ұйғару шығару арқылы көңiл аударуы керек.
      8. Мемлекеттiк есепке қосып жазу, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүлiктi талан-таражға салу және басқа да Қылмыстарға қоса сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн, немесе комплектiсiз өнiм шығару, бiрнеше қылмыс жасағандық ретiнде квалификациялануға тиiс.
      9. Сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн немесе комплектiсiз өнiм шығарған кiнәлi адамның iс-әрекетi, олар қылмысты қасақана немесе абайсызда жасалғанына қарамастан қылмыстық кодекстiң 152-статьясы бойынша квалификациялануға тиiс және Қылмыстық кодекстiң 143 және 145-статьялары бойынша қосымша квалификациялауды талап етпейдi.
      10. Сауда кәсіпорындарының бөлшек сауданы жүзеге асыратын қызметкерлерi, олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, Қылмыстық кодекстің 167-статьясында көзделген қылмыстың субъектiсi болып табылады.
      11. Сапасы төмен товарларды сатқаны үшiн жауапкершілік, заң айыпты адамның товарлардың тиiстi сапасы жөнiнде алдын ала хабардар болуымен байланыстыратын болғандықтан, бұл қылмыс тек қана қасақана жасалуы мүмкiн.
      Өзiнiң қызмет мiндеттерiн селқос немесе ықылассыз орындауы салдарынан сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн немесе комплектiсiз товарлар сатуға жол берген, сол арқылы мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделерге, не азаматтардың заң қорғайтын мүдделерiне елеулi зиян келтiрген лауазымды адамдардың iс-әрекетi қылмыстық кодекстің 145-статьясы бойынша квалификациялануға тиiс.
      12. Сауда кәсiпорнынан біле тұра сапасы төмен товарларды сатқан ретте "iрi мөлшердiң" бар екендiгi туралы мәселенi шешкен кезде, соттар CCCP Жоғарғы Соты Пленумының жоғарыда аталған қаулысының 13-тармағында баяндалған түсiнiктемеге сәйкес сатылған товарлардың жалпы санын, олардың бағасын және сатып алушыға келтiрiлген залалдың мөлшерiн негiзге алуы қажет.
      13. Бiле тұра сапасы төмен товарларды ұдайы сату деп - мұндай товарды кем дегенде үш рет сатуды түсiну керек.
      14. Iстердi қараған кезде, соттар сапасы төмен, стандартқа сай келмейтiн немесе комплектiсiз өнiм шығарудан келтiрiлген материалдық залалды толық көлемде анықтауы қажет. Мұндай өнiм шығаруға байланысты залал келтiргенi туралы дәлелдемелерге жеткізіп берушi кәсiпорынның ақаулы өнiм бергенi үшiн штрафты, тасымалдау жөнiндегi шығындарды, тиеу-түсіру жұмыстарының құнын, жарамсыз өнiмдi қайта өңдеуге, экспертиза жасауға байланысты шығындарды төлегенi туралы документтер, сапасы төмен өнiм жеткiзiлген жерде шақырылған адамдарға командировкаға жұмсалған қаржылары және т.б. жатады. Азаматтық ақы талабы Қылмыстық iстер жүргiзу кодексінің 295-статьясына сәйкес айыптау үкiмiн шығарған кезде мәнiне қарай шешiлуге: толық немесе iшiнара қанағаттандырылуға немесе қанағаттандырылмауға тиiс. 15. Соттар әрбiр iс бойынша сапасы төмен өнiм шығаруға және сатуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауы, оларға жеке ұйғару шығару арқылы көңiл бөлуi, олардың дер кезiнде орындалуына және солар бойынша қолданылатын шаралардың пәрмендiлiгiне қатаң бақылау орнатуы, сот процестерінің нәтижелерiн баспасөзде жариялап, радио мен телевизия арқылы хабарлауы қажет.


Дата изменения акта:  22.12.2008
Дата принятия акта:  25.03.1988
Информация об официальном опубликовании акта:  (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 121 бет)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  105000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  028000000000 / 029002000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz