28.03.1986

Сот құжаттарын әзірлеу туралы

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Сот тәжірибесінде кездесетін мәселелерге байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы

                      Қаулы етеді:

      Кеңесу бөлмесінде іс бойынша қабылданатын үкімді, шешімді және соттың басқа да қаулыларын машинкада басу тәсілімен әзірлеуге қылмыстық және азаматтық істер жүргізу заңдарында тыйым салынбағандықтан, судьялардың бірі қолжазба түрінде де, машинкада басу тәсілімен де әзірлей алады деп соттарға түсіндірілсін.
      Аталған документтер машинкада басу тәсілімен әзірленген жағдайда парақтардың санын, документті судьялардың қайсысы және қандай маркалы машинкада әзірленгендігін соттың құрамы жазба түрде куәлендіруі тиіс.


Дата вступления в силу:  28.03.1986
Дата изменения акта:  22.12.2008
Дата принятия акта:  28.03.1986
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 16 бет
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  105000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  13
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  029000000000 / 030002000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz