07.12.1961

Тонау және шабуыл жасап тонау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы

      Сот жұмысын жақсарту, тонау және шабуыл жасап тонау туралы істерді қараудағы кездескен кемшіліктерді жою, заңды бірізді қолдану мақсатымен Жоғарғы Сот Пленумы мынадай түсініктер береді.

      1. Дене жарақатын салумен байланысты жасалған тонау және шабуыл жасап тонау денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы баптары бойынша қосымша саралаусыз тонау немесе шабуыл жасап тонау үшін жауапкершілікті белгілейтін ҚК-тің тиісті баптары бойынша саралануы керек, өйткені аталған әрекеттер осы құрамдармен толық қамтылады.
      Өмірге және денсаулыққа қауіп төндірмейтін күш қолдану деп денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе аз уақытқа еңбек қабілетінен тұрақты айырылуға әкеп соқтырмаған (КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің 1978-жылғы 11-желтоқсандағы N 1208 бұйрығымен бекітілген денені жарақаттаудың ауырлық деңгейін сот-медициналық анықтау Ережелерінің 22-тармағы) денені жеңіл жарақаттауды, сондай-ақ, жәбірленушінің денесін ауыртуды, немесе оның бостандығын шектеуді түсіну керек, егерде олар жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе.
      Жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті түрде күш қолдану деп жәбірленушінің денесін орташа жарақаттауға (Ереженің 15-17-тармақтары) не денсаулығының қысқа уақытқа бұзылуына немесе аз уақытқа еңбек қабілетінен тұрақты айыруға (Ереженің 20, 21 тармақтары) әкеп соқтыруды, аталған залалға әкеп соқтырмаса да, жұмсаған кезде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген басқа да күш қолдануды түсіну керек.

      2. Ұрланған затты ұстап қалу мақсатымен жәбірленушіге одан әрі күш қолдану кезінде ұрлық ретінде басталған айыптының әрекеті тонау немесе шабуыл жасап тонау ретінде саралануға тиіс.

      3. Мүлікті ашық ұрлау дегеніміз, жәбірленушінің немесе басқа адамдардың қасында болуы кезінде, кінәлі адам осы адамдардың жасалған әрекеттің сипатын түсінетінін ұғынған кезде жасалған ұрлық болып табылады.

      4. Тонау - бөтеннің мүлкін иеленген сәттен бастап, ал шабуыл жасап тонау - жәбірленушіні өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті саналатын күш көрсетумен немесе осындай күш көрсетуді тікелей қолданамын деп қорқытумен байланысты бөтеннің мүлкін иемдену мақсатындағы шабуыл жасау сәтінен бастап аяқталған болып табылады.


Дата изменения акта:  11.07.2003
Дата принятия акта:  07.12.1961
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  105000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  5
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  028000000000 / 029002000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1200
Язык акта:  kaz