"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметіні

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 920 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      "4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24, 25 және 26-жолдармен толықтырылсын:

      "

24.

Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламаларды шығару қызметі

59110

25.

Радиохабар тарату

60100

26.

Телевизиялық бағдарламаларды жасау және тарату қызметі

60200

      ";

      ескертпе мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "** 4-бөлімнің 24, 25 және 26-тармақтарында көрсетілген қызмет әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін телерадио хабарларын таратын өңірлік бір желінің қызметімен шектеледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов