"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 869 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28 және 29-жолдармен толықтырылсын:

      "

28.

Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

ӨҚМ

қазан

қараша

желтоқсан

Т.Д. Қарағойшин

29.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ӨҚМ

қазан

қараша

желтоқсан

Т.Д. Қарағойшин

                                                                                  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов