"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметіні

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 658 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      "1. Республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35-1 және 35-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

35-1 ***

Кестеге бағынбайтын әуе көлігінің қызметі

51102

35-2 ***

Кестеге бағынбайтын жүк таситын әуе көлігінің қызметі

51212

      ";

      ескертпе мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      *** 1-бөлімнің 35-1 және 35-2-тармақтарында көрсетілген қызмет Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметімен шектеледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов