"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 398 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1092 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 21 және 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21.

Акваөсіру туралы

ЭТРМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Н.Қ. Шәрбиев

22.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭТРМ

тамыз

қыркүйек

қараша

Н.Қ. Шәрбиев

                                                                              ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 26 және 27-жолдармен толықтырылсын:

      "

26.

Қазақстан Республикасының Су кодексі

ЭТРМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ғ.А. Азидуллин

27.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭТРМ

қыркүйек

қазан

желтоқсан

Ғ.А. Азидуллин

      ";

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында "ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов