"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметіні

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 531 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      "акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері:" деген 5-тармақта:

      реттік нөмірі 162-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

162.

Атом өнеркәсібін және атом энергетикасы объектілерін қоспағанда, инженерлік-техникалық жобалау саласындағы қызмет

71121

  ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: 162-тармақта көрсетілген қызмет:

      1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жобаларымен;

      2) өнімді бөлу туралы келісімдерге (ӨБК) (Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары) және Ұлттық компанияның тікелей немесе жанама қатысуымен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа (Теңіз жобасы) сәйкес пайдасыз және шығынсыз негіздегі сервистік келісімдермен/ қызметтер көрсету туралы келісімдермен шектеледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов