"Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілін және оның орынбасарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 272 қа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 870 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілін және оның орынбасарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 272 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Талғатұлы Жүнісов Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Қайратұлы Бахиянов Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасы өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин