"Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 788 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары мен заңнамалық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин