Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 шiлдедегi № 484 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Жоғарыда көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық бюджетінде көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 86-1), 86-2), 86-3), 86-4), 86-5), 86-6), 86-7), 86-8), 86-9), 86-10), 86-11), 86-12), 86-13), 86-14), 86-15), 86-16), 86-17), 86-18), 86-19), 86-20), 86-21), 86-22), 86-23), 86-24), 86-25), 86-26), 86-27), 86-28), 86-29), 86-30), 86-31), 86-32), 86-33), 86-34), 86-35), 86-36), 86-37), 86-38), 86-39), 86-40), 86-41) және 86-42) тармақшалармен толықтырылсын:

      "86-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу, жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың жоғалу жағдайларын техникалық тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-3) көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-4) қауіпті өндірістік объектілер және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-5) жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-6) жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-7) эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-8) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-9) дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      86-10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-11) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-12) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-13) жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      86-14) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындайды;

      86-15) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;

      86-16) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;

      86-17) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;

      86-18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;

      86-19) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

      86-20) қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-21) нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-22) қызмет ету мерзімі өткен, жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-23) қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-24) бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-25) қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-26) қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-27) қызмет ету мерзімі өткен көпір типіндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-28) қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-29) қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-30) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-31) қызмет ету мерзімі өткен, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-32) тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-33) қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-34) технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-35) ауаны бөлу өнімдерін өндіру және тұтыну кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-36) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

      86-37) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-38) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

      86-39) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекітеді;

      86-40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді;

      86-41) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптарды белгілейді;

      86-42) қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы акті нысанын бекітеді;";

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "41-1) қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әзірлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      41-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;";

      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;";

      мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2) 48-3) және 48-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "48-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттаудан өткізеді;

      48-2) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      48-3) қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қолданылуына және есепке алынуына талдау жүргізеді;

      48-4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттардың есебін жүргізеді;";

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 228-1-жолмен толықтырылсын:

      "228-1. Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.".

      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин