"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 430 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмыс және консультациялық органдарымен, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін қозғайтын мәселелер бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 13-4), 13-5), 13-6), 13-7), 13-8), 13-9), 13-10), 13-11), 13-12), 13-13) және 13-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге немесе әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілеу және бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындау;

      13-2) тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөлу;

      13-3) әкелінуіне немесе әкетілуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгілеу;

      13-4) тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету кезінде экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру;

      13-5) Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдау;

      13-6) тарифтік емес реттеу шараларын енгізу бойынша тәртіпті айқындау;

      13-7) орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде елеулі маңызы бар тауарлар тізбесін айқындау;

      13-8) жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сандық жағынан шектеуді сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында (квоталарды) бөлуді, квоталар мөлшерін және оның қолданылу мерзімін келісу;

      13-9) квоталарды бөлу тәртібін келісу;

      13-10) үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты қолдануы алдында жүргізілген тергеп-тексерулер шеңберінде мемлекеттік органдардан және ұйымнан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті ақпараттық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, оны сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді жүзеге асыру;

      13-11) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында жүргізілген тергеп-тексерулер шеңберінде мемлекеттік органдардан және ұйымнан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруді жүзеге асыру;

      13-12) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі жағдайларындағы міндеттемелері шеңберінде мемлекеттік реттеу шараларын шараларын қолданудың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру;

      13-13) халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын келісу;

      13-14) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарлар тізбесін бекіту;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) сауда шараларын қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9) және 18-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;

      18-2) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      18-3) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастыру;

      18-4) тергеп-тексеруді жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      18-5) тергеп-тексеруді жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеруге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      18-6) Қазақстан Республикасының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолдану мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіру;

      18-7) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу;

      18-8) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      18-9) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      18-10) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) қолданылып жүрген және жоспарланатын субсидиялар туралы хабарламаларды дайындау және Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге жіберу;";

      35) тармақша алып тасталсын;

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу және бекіту;";

      39) және 40) тармақшалар алып тасталсын;

      42) тармақша алып тасталсын;

      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) бөлшек саудада азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлеу және бекіту;";

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) биржалық тауарлардың тізбесін бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "50-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасау;";

      51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "51) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асыру;";

      54) тармақша алып тасталсын;

      58) және 59) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) тауар биржаларының қызметін талдауды және оған мониторингті жүргізу;

      59) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";

      60) тармақша алып тасталсын;

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) биржалық сауданың үлгілік қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "67-1) биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      76) тармақша алып тасталсын;

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастама жасау, оларға қатысу және оларды ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 78-1) және 78-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "78-1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдау;

      78-2) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге мониторинг жүргізуді, уәкілетті органның (ұйымның) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындауын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 82-1) және 82-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "82-1) стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      82-2) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың стандарттау саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";

      110) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "110) өлшем құралдарының типін бекіту және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 116-1), 116-2), 116-3), 116-4), 116-5), 116-6), 116-7), 116-8), 116-9), 116-10), 116-11), 116-12), 116-13), 116-14), 116-15), 116-16), 116-17), 116-18), 116-19), 116-20), 116-21), 116-22) және 116-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "116-1) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды бекіту;

      116-2) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту;

      116-3) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiту;

      116-4) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын бекіту;

      116-5) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекіту;

      116-6) сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыру тәртібін бекіту;

      116-7) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнінде комиссия құру;

      116-8) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың қызметін жүзеге асыру тәртібін бекіту;

      116-9) сәйкестік сертификаты бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін белгілеу;

      116-10) сәйкестік туралы декларация нысанын, рәсімдеу және тіркеу тәртібін белгілеу;

      116-11) шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақтар хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртібін айқындау;

      116-12) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамалардың нысанын және оларды беру тәртібін белгілеу;

      116-13) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      116-14) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      116-15) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      116-16) мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      116-17) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

      116-18) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбесін әзірлеу;

      116-19) Министрлік, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар әзірлеген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалуын қамтамасыз ету;

       116-20) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін айқындау тәртібін әзірлеуге қатысу;

      116-21) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өздері құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;

      116-22) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат алу;

      116-23) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді алуға рұқсат етілетін азаматтарға қатысты тексеру шараларын жүргізуді өз құзыреті шегінде қамтамасыз ету;";

      123) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "123) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы", "Стандарттау туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "Техникалық реттеу туралы", "Тауар биржалары туралы", "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", "Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы", "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;";

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4-2) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

      5-2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды әзiрлеу;";

      мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторына қойылатын талаптар мен оны айқындау тәртібін әзірлеу;

      27-2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "45-1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 49-1), 49-2), 49-3) және 49-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "49-1) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      49-2) шығарылатын түпкі өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инвестициялық жобаларға (мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылатын) бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

      49-3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң қағидаларды әзiрлеу;

      49-4) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 51-1) және 51-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      51-2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";

      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер, ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 63) тармақшамен толықтырылсын:

      "63) мемлекеттік органдарға "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин