Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:
"74-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |