"Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1058 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      мына:

"Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға"

      деген жол алып тасталсын;

      мына:

"Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Бозымбаев
Қанат Алдабергенұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин