Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 879 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин