Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) соңғы он екі айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 2 (екі) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттiк қызметшi (мемлекеттiк саяси қызметшiлерді қоспағанда) болып табылатын, магистр дәрежесін алуға үміткерлерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер санаты);".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |