Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі - Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловқа "Eurasian Resourses Group S.a.r.l." компаниясы (Люксембург) Директорлар кеңесінің құрамына кіруге рұқсат етілсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер–Министрі |
А. Мамин |