Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:
"48-1) Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, ережеде оның қызметін ұйымдастыру, құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу айқындалады;";
182) тармақша алып тасталсын;
185) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"185) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп:
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларын бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды);
электр және жылу энергетикасы, магистральдық құбыржолдар арқылы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, оны магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;";
262) тармақша алып тасталсын;
ведомстволардың функциялары:
мынадай мазмұндағы 107-1) тармақшамен толықтырылсын:
"107-1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген бірыңғай нысан бойынша озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді ЕАЭО (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер) елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;";
115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"115) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге (қызметтің кіші түрлері: табиғат қорғауды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің I санаты үшін нормалау; шаруашылық және өзге де қызметтердің I санаты үшін экологиялық аудит) арналған лицензияларды беруді жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |