Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 458-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
"Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сүлейменов Тимур Мұратұлы | – | Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі". |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |