Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №41, 530-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекіту үшін кәсіпорынның жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді ұсынуды;
2) әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |