Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;".
117), 118), 118-1), 123), 124), 125), 126), 127), 128) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"117) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар беру;
118) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
118-1) адвокат көрсететін, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
123) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
124) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
125) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адамдардың қызметін үйлестіру;
126) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
127) халыққа заң көмегін көрсететін адамдар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздемелері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
128) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жылына кемінде бір рет жариялануын және өзінің интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету;";
16-тармақ:
мынадай мазмұндағы 118-2), 118-3), 118-4), 118-5), 118-6), 118-7), 123-1), 123-2), 123-3), 123-4), 123-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"118-2) адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
118-3) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
118-4) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
118-5) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу;
118-6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
118-7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
123-1) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
123-2) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
123-3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
123-4) заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;";
123-5) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |