Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 590 қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған кешенді

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

      2. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кешенді жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Кешенді жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды және олардың орындалуы туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей ұсынуды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

      4. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Склярға жүктелсін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 590 қаулысымен
бекітілген

Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.
      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

Ағымдағы жағдай

      Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан Республикасының елордасы 20 жылдың ішінде республикалық бюджеттің ірі донорына айналып, мемлекеттік бюджетке шамамен 7,3 трлн. теңге сомасында түсімдерді қамтамасыз етті, бұл алынған трансферттер көлемінен (2,3 трлн. теңге) 3 есе асып түседі.

      Мемлекеттік бюджетке түсімдер 73 есе өсті (1998 жылғы 13,6-дан 2017 жылы 990,2 млрд. теңгеге дейін) және шамамен 1 трлн. теңгеге жетті, оның ішінде 77% немесе 766 млрд. теңге республикалық бюджетке жіберіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті 77,5 есе өсті (1997 жылғы 6,4 млрд. теңгеден 2017 жылы 496,1 млрд. теңгеге дейін).

      Нұр-Сұлтан табыс табатын, өзін-өзі ақтайтын және еліміздің экономикасын дамытуға бірден бір қомақты үлес қосатын қалаға айналды.

      Елорда ауысқан сәттен бастап Нұр-Сұлтанның келбеті түбегейлі өзгерді және бүгінде дамып келе жатқан заманауи мегаполис мәртебесіне сәйкес келеді, оның шекарасының шеңберінде әкімшілік, коммерциялық және қоғамдық кеңістіктер сәтті үйлескен.

      Соңғы 20 жылдың ішінде қаланың жалпы өңірлік өнімі (бұдан әрі – ЖӨӨ) шамамен 224 есеге өсіп, 5 трлн. теңгеден асты (1997 жылы – 25,7 млрд. теңге), бұл халықтың жан басына шаққанда орташа республикалық көрсеткіштен 2 есе артық.

      Инвестициялардың жылдық көлемі 956,9 млрд. теңгеге дейін 50 есе өсті (1997 жылы – 19,3 млрд. теңге).

      "Нұр-Сұлтан – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) инвестиция тарту үшін негізгі алаң болып табылады, оның аумағында әкімшілік-іскерлік орталық және № 1 индустриялық парк орналасқан.

      АЭА 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет ету мерзімімен 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні АЭА аумағы 7000 гектардан асады немесе қаланың бүкіл аумағының шамамен 8,8%-ын құрайды (аумақ 8 еседен артық мөлшерге кеңейді).

      Әкімшілік-іскерлік орталықта 393 жоба тіркелді, оның ішінде 320 жоба пайдалануға енгізілді. 73 жоба іске асырылу сатысында тұр. Бүгінгі күні 3 өнеркәсіптік жоба іске асырылуда ("Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС ұшу аппараттарын шығару зауыты, "AstanaSolar" ЖШС фотоэлектр модульдерін құрастыру зауыты, "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС тікұшақтар құрастыру, оларға техникалық қызмет көрсету). Көрсетілген жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 1,7 трлн. теңгені құрайды. Іске асырылып жатқан жобалардың арасында "Нұрлы жол" теміржол вокзалы, "SARANDA" VIP-қалашығы, Astana LRT, "Хайвил Ишим", "Promenade Expo" көп функциялы тұрғын үй кешендері (бұдан әрі – КТК) сияқты және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар ірі объектілер бар.

      № 1 индустриялық парк аумағында 227,4 млрд. теңге сомасына 72 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 48 өндіріс пайдалануға енгізілді, 24 жоба іске асырылу сатысында.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бюджетке төлеген салық қаражаты есебінен № 1 индустриялық парк инфрақұрылымының құрылысы толық өтелгенін атап өту қажет.

      20 жылдың ішінде өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіші 37,7 есеге өсіп,

      573,3 млрд. теңгеге жетті (1997 жылы – 15,2 млрд. теңге).

      Жоғары технологиялық және экологиялық өндірістердің есебінен индустриялық әлеуетті кеңейту мақсатында ауданы 443 га № 2 индустриялық парк құру жоспарлануда.

      Қаланың шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілері еліміз бойынша осы сектордың бүкіл жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерінің 20%-ын іске асырады. Өнім шығарудың көлемі 27,5 есеге ұлғайып, 4,9 трлн. теңгеге жетті (2005 жылы – 177,8 млрд. теңге).

      Тіркелген ШОК субъектілерінің саны 155,3 мың адамға дейін 4 есе ұлғайды (2005 жылы – 38,2 мың адам). Мемлекеттік бюджетке бизнес субъектілерінен түсетін салықтық түсімдер 2017 жылы 359,1 млрд. теңгені құрады.

      Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ құрылымындағы шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) үлесі 4,2 есеге ұлғайып, 54,4%-ды құрады (2005 жылы – 13%), бұл Қазақстан өңірлері арасында ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

      Нұр-Сұлтан елдегі құрылыс көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Нұр-Сұлтан елорда мәртебесіне ие болғаннан бері қалада отандық және шетелдік құрылыс компанияларының қатысуымен 20 миллионнан артық шаршы м тұрғын үй салынды. Жылу, су құбыры және электр желілерінің ұзындығы

      1998 жылғы 2 745,1 км-дан 2018 жылы 5 878 км-ге дейін жетті.

Пайымдау

      Инфрақұрылымдық даму бағдарламаларын іске асыру әлеуметтік-экономикалық әлеуетті өсіру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

      Экономиканың жыл сайынғы өсу қарқыны 4%-дан 6%-ға дейін ұлғайған жағдайда, 2023 жылға қарай елорданың ЖӨӨ болжамға сәйкес шамамен 10 трлн. теңгені құрайды.

      Елорданың дамуына 4,8 трлн. теңгеге жуық жеке инвестиция салынады.

      Елорда аумағында белсенді құрылыс салу 2023 жылы 9,5 млн. астам шаршы м тұрғын үйді пайдалануға енгізуді қамтамасыз етеді.

      Құрылыс жұмыстарының жылдық көлемі 681 млрд. теңге деңгейіне жететін болады.

      Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласы Еуразиялық экономикалық одақтағы өмір сүру және бизнес жүргізу үшін өте тартымды қалалардың бірі болып табылады.

      Халық санының жыл сайынғы өсімі орта есеппен 2,5% немесе 100-150 мың адам мөлшерінде межеленіп отыр және 2027 – 2030 жылдарға қарай шамамен 2 млн. адамға жетеді деп жоспарлануда.

      ШОБ субъектілерінің саны 216 мың бірлік белгісінен асып, 37%-дан артық мөлшерге ұлғаяды. Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында әкімшілік тосқауылдарды төмендету жұмыстары жалғасады.

      Еңбек нарығында 650 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

      Жол-көлік инфрақұрылымына жүктеме айтарлықтай ұлғаяды. Бағалау бойынша жолаушылар айналымының жыл сайынғы өсу қарқыны орта есеппен 7%-ды, жүк айналымы – 5%-ды құрайтын болады.

      Экономика мен салық салынатын базаның күтілетін өсу қарқыны жергілікті бюджеттің жеке кірістерінің 355 млрд. теңгеге дейін 43,7%-ға ұлғаюын қамтамасыз етеді.

      Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық бюджетке жыл сайынғы түсімдер 14%-ға, 2018 жылғы 823 млрд. теңгеден 2023 жылы 940 млрд. теңгеге дейін өседі.

      Экономикалық өсу факторларының бірі ретінде инвестициялық саясат инвесторларды тарту және жаңа экономикалық саясатта көзделген міндеттерді іске асыру үшін қолайлы ахуал құруға бағытталатын болады.

      № 1 индустриялық парк аумағында қолданылатын инвестициялық жобаларды, мүмкіндіктерді, жеңілдіктерді және преференцияларды таныстыра отырып, әлеуетті инвесторлармен кездесулер жалғасады, сондай-ақ қаржы институттарымен ынтымақтастық жалғасын табады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) қағидаттарын пайдалана отырып, бірлесіп инвестициялау бағдарламасын іске асыру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) жұмысының маңызды бағыты болмақ.

      МЖӘ тетіктерін қолдану арқылы маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Әкімдіктің жанында "Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жобаларын сараптау орталығы" ЖШС құрылды, ол пайда мен шығынды талдау негізіндегі бюджеттік компаратор қағидатын ескере отырып, жобаларды қаржыландыру тетігінің критерийлерін айқындайды, бұл өтелетін жобалар үшін мемлекеттік бюджеттің қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

      Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл кредиттік рейтингті жақсартуға және Нұр-Сұлтан қаласының имиджін қарқынды өсіп келе жатқан әрі салынатын инвестицияларды өтеу тұрғысынан перспективалы заманауи мегаполис ретінде қалыптастыруға бағытталады.

      Мемлекет басшысының елордаға жинақы құрылыс салу жөніндегі тапсырмасына сәйкес игеру аумағының шекарасы 25 мың га мөлшерінен 16 мың га мөлшеріне дейін оңтайландырылды. Осыған байланысты, әкімдік Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды (бұдан әрі – Кешенді жоспар) әзірледі.

Мақсаттар мен стратегиялық міндеттер

      Кешенді жоспардың негізгі мақсаты тұрғын үй құрылысында дәйекті қала құрылысы саясатын әзірлеу, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ете отырып, аумақта жинақы құрылыс салуды ұйымдастыру және бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әкімдік мына негізгі бағыттарды дамытуды жоспарлайды:

      1. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту.

      Күнде қалаға келетін, 75 мыңнан асатын транзиттік көлік құралдарын қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген көлік құралдарының жалпы саны

      350 мыңнан астам. Елордаға басқа өңірлерден келген көлік құралдарын есепке алсақ, бұл сан 400 мыңнан асады. Қаладағы автомобильмен қамтамасыз етілудің жыл сайынғы өсімі 8-9%-ды құрайды. Асфальт төселген жолдардың ұзындығы 1 100 км астам, ал елордада аумақтарда құрылыс салу үшін жарамды алаң мен жабыны қатты жолдар ұзындығының арақатынасы шамамен 1 900 км құрауға тиіс.

      Жоғары деңгейдегі автомобильмен қамтамасыз етілудің және жол-көлік инфрақұрылымының жетіспеуінің нәтижесінде қауырт кезеңде жол-көлік желісіне айтарлықтай жүктеме түседі, бұл көлік ағынының орташа жылдамдығының 10 км/сағ дейін төмендеуіне әкеліп соғады.

      Осыған байланысты, көліктік қаңқа қалыптастыру елорданың жолдарында көліктік коллапстың туындау ықтималдығына жол бермеуге мүмкіндік береді және тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік объектілерге көлікпен бару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 2019 – 2023 жылдар аралығындағы кезеңде 121 км жол, 3 көпір, 2 көліктік жол айрығын, 1 жолөткел, 1 тоннель, сондай-ақ жеңілрельсті көліктің (LRT) 1-кезегін салу жоспарлануда.

      LRT жобасы бойынша.

      LRT желісі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, "Нұрлы жол" теміржол вокзалы, "Әбу-Даби Плаза" көп функциялы кешені және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі (бұдан әрі – ЭКСПО-2017) тәрізді елорданың танымал объектілеріне таяу орналасқан 18 станциясы бар 22,6 км эстакадалық тірек конструкциясынан тұратын болады. Жоспарлы жолаушылар айналымы тәулігіне 146 мың адамды құрайды.

      2. № 1 және 2 индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамыту.

      № 1 индустриялық парктің аумағы инвестициялық жобалармен 95% толықтырылды, қалған 22 га алаңын 2020 жылдың соңына дейін игеру жоспарлануда.

      Қаланы одан әрі орнықты индустриялық-инновациялық дамыту үшін және жеке инвестициялар үшін алаң дайындау мақсатында № 1 индустриялық парктің құрылысын аяқтау және № 2 индустриялық парктің инфрақұрылымын салуды бастау қажет.

      Өнеркәсіп кластерлерін ғылыми зерттеулермен және инновациялармен біріктіру есебін (жабдықталған зертханалары, кадрлар даярлайтын инкубациялық орталықтары, қажетті инфрақұрылымы бар инновациялық және ғылыми-зерттеу кластерлерін ("Astana Business Campus") дамыту) "Нұр-Сұлтан – Технополис" АЭА № 2 индустриялық паркін дамыту мәселелерімен әкімдік "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымымен бірлесіп айналысады.

      № 2 индустриялық парк аумағында 500 млрд. теңге сомасына барлығы 150-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру (жобаның орташа ауданы 2-5 га, сомасы шамамен 3 млрд. теңге), 10 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

      3. Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

      Бүгінгі күні энергия көздерінің қолда бар қуаты сағатына 2510 Гкал құрайды, бұл елорданың орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінің ағымдағы жылу жүктемелерін қамтамасыз етеді.

      Жыл сайын тұрғын және коммерциялық алаңды өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 1,5 млн. шаршы м артық енгізу жоспарлануда, бұл сағатына 100-200 Гкал жылу қуатына тең.

      Осы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін 2018 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде қуаты 440 Гкал ЖЭО-3 1-ші кезегін және қуаты 180 Гкал ЖЭО-2 № 8 станциясының қазандық агрегатын пайдалануға енгізу жоспарлануда. Кейіннен 2023 жылға дейін қуаты сағатына 418 Гкал ЖЭО-3 2-ші кезегін пайдалануға енгізу жоспарланады, бұл пайдаланған кезде жылу желілерінің авариялылығын азайтуға, жылу шығынын барынша азайта отырып, жылу желілері арқылы ыстық судың тиімді берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      ЖЭО-2 кеңейту және реконструкциялау қосымша 2~2,5 млн. шаршы м тұрғын және коммерциялық алаңды орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етеді.

      Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында "Ишим", "Қазбек", "Көктем" және "Западная" қосалқы станцияларын салу, тарату пункттерін, трансформаторлық қосалқы станцияларды және басқа да объектілерді реконструкциялау жоспарланады, бұл LRT жаңа көлік жүйесін, Мыңжылдық аллеясының салынып жатқан және перспективалы құрылыстарын, Теміржол тұрғын алабын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінің ұлғайып келе жатқан электр жүктемесін өтеуге және электр желілеріндегі авариялық сөндіруді төмендетуге мүмкіндік береді.

      Елорданың оңтүстік-батыс бөлігінде жаңа әлеуметтік объектілерді салу үшін 110 кВ электр берудің әуе желілерін бұзу арқылы жер учаскелерін босату жоспарлануда.

      Бүгінгі күні қаланы сумен қамту және сарқынды суды бұру мәселесі өзекті болып табылады. Су құбырлары мен кәріз желілерінің физикалық тозуының орташа деңгейі 44%-ды құрайды, 578 км (немесе 28%) желі, оның ішінде Нұр-Сұлтан гидроторабынан сорғы-сүзу станциясына дейінгі су беретін құбырдың 43 км 100% тозған.

      Елорданы сумен қамту мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін судың көлемі жылына 98 млн. м3 асады, оның ішінде 81 млн. м3 мөлшерінде сатылып, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға (халыққа, ұйымдарға) ұсынылады. Судың шығыны қалалық желілерге берілетін барлық көлемнің 17%-ын құрайды. Есепке алынбаған тұтынудан (санкциясыз су пайдалану) және жіберілген судың ағып шығын болуынан басқа, су шығынының қомақты бөлігін тозған су құбырларындағы жарылу құрайды. Кәріз желілерінің тозуы олардың жұмысының бұзылуына, сарқынды суларды уақтылы бұрудың мүмкін болмауына және соның салдарынан қоршаған ортаның ластануына және халықтың көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанбауына әкеліп соғады. Осыған байланысты, таяудағы 5 жылдың ішінде 150 км сумен қамту желілерін және 81 км су бұру желілерін реконструкциялау және салу жоспарланады, бұл судың коммерциялық шығынын 5-7%-ға қысқартуға, сумен қамту және су бұру желілерінің сенімділігін арттыруға әкеледі.

      Нөсерлік кәріз бүгінгі күні проблемалы мәселелердің бірі болып табылуда. Жобаларды іске асыру 2019 жылдың соңына қарай нөсерлік кәріздің тазарту құрылыстарының жаңаларын салу және қолданыстағыларын реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, бұл 17,3 мың га ауданды қамтуға әрі қазіргі игеру аймағын құрылыс салудың қазіргі (Жастар шағын ауданы, Ақбұлақ, Өндіріс тұрғын алаптары, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы ауданы) аудандарынан және ішінара перспективалы аудандардан (Мыңжылдық аллеясы, "Нұрлы жол" теміржол вокзалы, Тельман тұрғын алабынан оңтүстікке қарай орналасқан Әскери қалашық) жер үстіндегі сарқынды суларды кедергісіз ағызып жіберумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Су жинағыштың жалпы алаңы 13 мың га мөлшерінен 23 мың га мөлшеріне дейін өседі, бұл 2030 жылға дейін игеру алаңының 66,2% (34,6 мың га) немесе 2020 жылға нөсерлік кәріз жүйесіне (23,8 мың га) ағынды қалыптастыратын алаңның 96,5%-ын құрайды.

      ЭКСПО мұрасын дамыта отырып, экологиялық талаптар ескерілетін газдандыруға, энергия тиімділігіне негізделген жаңа энергетикалық модельге көшу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі күні қалалық газ тарату желісі бойынша 3 кезектен тұратын техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.

      Бірінші кезеңде 2020 жылға қарай ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 (17 су жылыту қазандықтарын), сондай-ақ көп түтін шығаратын Көктал, Оңтүстік-Шығыс (оң және сол жақтары), Шұбар, Family Village, Garden Village, Өндіріс, Агроқалашық, Железнодорожный, Пригородный, Тельман тұрғын алаптарындағы шағын жеке қазандықтарды газ отынына ауыстыру жоспарлануда, бұл зиянды заттар шығарындыларын 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Жеке сектор тұрғындары үшін газ отынына ауысудан үнемдеу жылыту маусымында 210 млн. теңгеден 420 млн. теңгеге дейін болады.

      Кейіннен құрылыстың 2, 3-ші кезектерінде Шұбар, Family Village, Garden Village, Өндіріс, Агроқалашық, Пригородный, Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар, Промышленный, Тельман тұрғын алаптарын және қала маңында орналасқан аудандарды табиғи газға ауыстыру жоспарлануда, іске асыру мерзімі – 2021 – 2025 жылдар.

      4. Бюджеттік тұрғын үй және тұрғын үйлер мен тұрғын үй құрылыстарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

      Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.

      2017 жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың мемлекеттік көздері есебінен 173,3 мың шаршы м 2 487 пәтер пайдалануға берілді. 2018 жылы жалпы ауданы 64 мың шаршы м 1159 пәтерлік 7 КТК пайдалануға енгізу жоспарланған.

      Бүгінгі күні коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде 48 мың адам кезекте тұр, оның ішінде 20 мың адам "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасының әлеуетті қатысушысы болуы мүмкін. Бұл алғашқы жарна енгізу үшін жеткілікті қаражат жинауға мүмкіндігі бар азаматтар.

      Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әлеуметтік тұрғын үйдің пайдалануға енгізілуін ұлғайту үшін 5 жылдық жоспарда мемлекеттің қатысуымен 530 мың шаршы м немесе 9 мың пәтер салу жоспарлануда (кредиттік тұрғын үй – 339 мың шаршы м, жалға берілетін тұрғын үй – 129,7 мың шаршы м).

      Осылайша, кезектегілердің саны екі есеге қысқарады, мұның өзі Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй проблемаларын шешу жөніндегі басты міндеттердің бірі болып табылады.

      5. Әлеуметтік объектілерді дамыту.

      Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласының мектептеріндегі орындар тапшылығы 11 000 оқушы орнын құрайды және 2023 жылға қарай қосымша 124 000 оқушы келеді деп күтілуде. Осыған байланысты, 135 000 оқушы орнына мектептер мен мектептерге жапсаржайлар салу қажет.

      ҚР ҚНжЕ-ге өзгерістер енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Енді 3 000 мыңға дейінгі оқушы орнына арналған мектептер салынуы мүмкін, бұл құрылыс алаңын 20% (учаскелерді 3-тен 2 гектарға) оңтайландыруға мүмкіндік береді. BIG DATA талдауды ескере отырып, мектептер саны қысқарғанда мектеп салу ең көп талап етілетін орындар айқындалды, бұл инфрақұрылым мен коммуникацияларға шығынды 15%-дан артық мөлшерде төмендетуге мүмкіндік береді.

      2018 жылдың соңына дейін 3 300 орынға арналған 3 мектепті пайдалануға енгізу және таяудағы бес жыл ішінде шамамен 63 мың орынға арналған 37 мектеп пен 10 жапсаржай салу, тапшылықтың 50%-ын жекеменшік мектептер есебінен жою жоспарлануда. Бұл 2021 жылға қарай мектептерде оқу орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

      Шамамен 6 000 орынға 25 балабақша салу, оның ішінде 6 балабақшаны МЖӘ тетігі арқылы салу жоспарлануда.

      Қазіргі уақытта бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарының жұмысында 1,8 есе артық екені байқалуда (13 қалалық емхананың, 3 БМСК орталығының жоспардағы қуаты бір ауысымда 5 529 келушіні құрайды, іс жүзінде – бір ауысымда 9 676 келуші), сондай-ақ қалалық стационарлардың да жүктемесі шамадан тыс.

      Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында "Сарыарқа" ауданында "Орталық теміржол ауруханасы" госпиталінің орнына жаңа көпбейінді аурухана, 100 кереуеттік хоспис, 250 кереуеттік Перинаталдық орталық, 350 кереуеттік Оңалту орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық аурухана" және "№ 1 перинаталдық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарын біріктіре отырып, қабылдау-диагностикалық кешен, 4 амбулаториялық-емханалық кешен және БМСК көрсететін 6 ұйым салу жоспарда бар.

      Әлеуметтік сала қызметкерлері үшін шамамен 2 600 пәтерге арналған жатақхана салу көзделген, бұл мектептер мен медициналық мекемелерге кадрларды тарту мәселелерін шешуге ықпал етеді.

      Кешенді жоспарда заманауи Қазақ драма театрын іске асыру көзделеді, ол Қазақстанның мәдениетін көрсететін елорданың визит карточкасына айналады, себебі театр қойылымдары рухани нәр алуға ғана емес, сахнадағы әрекеттер арқылы өткен дәуірдің фактілерін көрсетіп, бүгінгі күндегі проблемалардың шешімін табуға ұмтылады. Бұл жобаны іске асыру заман талабы болып табылады.

      6. Нұр-Сұлтан қаласын абаттандыру.

      Ыңғайлы және қолайлы инфрақұрылым құру үшін әкімдік Велосипед көлігін және инфрақұрылымды дамыту жоспарын әзірлеп, бекітті.

      2018 жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 56 км велосипед жолын ашу жоспарланған, ол "Есіл" ауданының аумағын қамтиды (Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағынан "жасыл белдеу" аумағындағы велосипед жолына қосылады). Таяудағы бес жылдың ішінде қосымша 1 371 км веложолдар желісін абаттандырып, елорданың бүкіл аумағын қамту жоспарланып отыр.

      Бөгенбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейін Бейбітшілік көшесінің бойында, одан әрі Есіл өзенінің жағалауына дейін Ә. Мәмбетов көшесінің және Республика даңғылынан Қазақ драма театрына дейін І. Омаров көшесінің бойында орналасатын жаяу жүргіншілер аймақтары жасалады.

      Инженерлік-геологиялық іс-шаралар өткізілген су тасу қауіпі бар өзендердің ұзындығы 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша 16,2 км құрайды. Төтенше жағдайлардың алдын алу шеңберінде Есіл өзені мен Сарыбұлақ бұлағының арнасы реконструкцияланады.

      Қоқысты қайта өңдеу саласын дамыту мақсатында "Северная гряда" карьерін қопсыта отырып, құрылыс қалдықтарын қоймаға жинау және қайта өңдеу үшін алаң салу жоспарланады, себебі жыл сайын қала аумағында орта есеппен 50 мың тоннадан астам құрылыс қалдықтары түзіледі. Қайта өңделгеннен кейін бұл көлемнің жартысы қиыршық тас болады, оны сатудан түсетін кіріс жылына 50 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.

      7. Мемлекеттік органдар мен өрт сөндіру деполарын дамыту.

      Төтенше жағдайлардан қорғау үшін 4 өрт сөндіру депосын салу жоспарлануда, олар Көктал және № 28 (жобалық атау) көшелерінің ауданында, № 69 және С369 (жобалық атау) көшелері қиылысқан ауданда және Үркер шағын ауданында орналасады. Бұл жобаларды іске асыру қалыптасқан жағдайды жақсартуға, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізудің заманауи әдістері мен технологияларын, төтенше жағдайларды болжау саласында жүйелі талдау мен мониторингті сәтті әрі тиімді енгізуге мүмкіндік береді, мұның өзі төтенше жағдайлар санының жалпы төмендеуіне және қоғамдық қауіпсіздік деңгейінің ұлғаюына әкеледі. Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 2 жобаны іске асыру жоспарлануда.

      Кешенді жоспарды іске асыру елорданы индустриялық-инновациялық дамыту, көлік-коммуникациялық, инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін құру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын алаптарын дамыту

      Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын алаптарын дамыту осы Кешенді жоспарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Күтілетін нәтижелер

      Кешенді жоспарды іске асыру бойынша өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы аумағының жинақы құрылысы қамтамасыз етіледі және аумақтарда құрылыс салуды оңтайландыруға, елорданың инженерлік-көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымын тиімді пайдалануға және дамытуға қол жеткізілмек.

Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспар

Р/с№

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау үшін жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар
(млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР ИИДМ
ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

275 881*

Республикалық бюджет

2019 жыл

64 134*

2020 жыл

45 665*

2021 жыл

50 787*

2022 жыл

52 804*

2023 жыл

62 491*

барлығы

84 378*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

18 699*

2020 жыл

20 614*

2021 жыл

15 315*

2022 жыл

16 390*

2023 жыл

13 360*

2.

Жеңілрельсті көлік құрылысы, 1-ші кезек

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР ИИДМ
ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

191 123*

Республикалық бюджет

2019 жыл

7 123

2020 жыл

46 000*

2021 жыл

46 000*

2022 жыл

46 000*

2023 жыл

46 000*

барлығы

42 198*

Жергілікті бюджет

2020 жыл

14 200*

2021 жыл

10 180*

2022 жыл

9 669*

2023 жыл

8 149*

3.

Индустриялық парктердің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
ҚР ИИДМ
ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

20 728*

Республикалық бюджет

2019 жыл

741*

2020 жыл

3 000*

2021 жыл

6 987*

2022 жыл

5 000*

2023 жыл

5 000*

барлығы

3 009*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

3 009*

4.

Жылумен жабдықтау жүйесін дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
ҚР ЭМ ҚР ИИДМ ҚР Қаржымині
ҚР ҰЭМ

2019 - 2023 жылдар

барлығы

40 134*

Республикалық бюджет

2019 жыл

23 540

2020 жыл

16 594

барлығы

10 000*

Республикалық бюджеттің кредиттік қаражаты

2019 жыл

7 000*

2020 жыл

3 000*

барлығы

218*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

218*

барлығы

17 400*

МЖӘ

2022 жыл

8 700*

2023 жыл

8 700*

5.

Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР ЭМ
ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

13 000*

Республикалық бюджет

2019 жыл

1 000*

2020 жыл

4 500*

2021 жыл

5 000*

2022 жыл

2 500*

барлығы

18 516*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

406*

2020 жыл

4 860*

2021 жыл

5 300*

2022 жыл

2 650*

2023 жыл

5 300*

6.

Электрмен жабдықтауды дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР ЭМ
ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

15 986*

Республикалық бюджет

2019 жыл

11 492

2020 жыл

4 494*

барлығы

2 673*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

1 706*

2020 жыл

474*

2021 жыл

291*

2022 жыл

157*

2023 жыл

45*

7.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
ҚР ИИДМ
ҚР ЭГТРМ ҚР Қаржымині ҚР ҰЭМ

2019 - 2023 жылдар

барлығы

150 789*

Республикалық бюджет

2019 жыл

10 178*

2020 жыл

49 121*

2021 жыл

57 943*

2022 жыл

33 547*

барлығы

10 685*

Республикалық бюджеттің кредиттік қаражаты

2019 жыл

4 471

2020 жыл

3 404*

2021 жыл

2 810*

барлығы

6 172*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

3 962*

2020 жыл

630*

2021 жыл

720*

2022 жыл

860*

барлығы

20 000*

МЖӘ

2022 жыл

10 000*

2023 жыл

10 000*

8.

Нөсерлік кәріз жүйесін дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР ИИДМ ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

39 780*

Республикалық бюджет

2019 жыл

12 989*

2020 жыл

10 220*

2021 жыл

9 571*

2022 жыл

5 000*

2023 жыл

2 000*

барлығы

5 246*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

405*

2020 жыл

853*

2021 жыл

2 233*

2022 жыл

1 695*

2023 жыл

60*

9.

Бюджеттік тұрғын үй құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
ҚР ИИДМ ҚР Қаржымині
ҚР ҰЭМ

2019 - 2023 жылдар

барлығы

10 295*

Республикалық бюджет

2019 жыл

2 059*

2020 жыл

2 059*

2021 жыл

2 059*

2022 жыл

2 059*

2023 жыл

2 059*

барлығы

72 351*

Бағалы қағаздар шығару есебінен

2019 жыл

13 535*

2020 жыл

10 496*

2021 жыл

22 500*

2022 жыл

19 800*

2023 жыл

6 020*

барлығы

22 257*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

11 825*

2020 жыл

5 793*

2021 жыл

2 795*

2022 жыл

900*

2023 жыл

944*

10.

Тұрғын үйге және тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
ҚР ИИДМ
ҚР ЭМ
ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

30 166*

Республикалық бюджет

2019 жыл

4 012*

2020 жыл

12 734*

2021 жыл

10 830*

2022 жыл

2 590*

барлығы

5 585*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

4 911*

2020 жыл

380*

2021 жыл

234*

2022 жыл

60*

11.

Мектептер және мектептерге жапсаржайлар құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР БҒМ ҚР Қаржымині
ҚР ҰЭМ

2019 - 2023 жылдар

барлығы

15 734

Республикалық бюджет

2019 жыл

15 734

барлығы

70 118*

МЖӘ/ Республикалық бюджет

2019 жыл

10 329*

2020 жыл

26 271*

2021 жыл

28 685*

2022 жыл

4 833*

барлығы

6 778*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

3 230*

2020 жыл

1 738*

2021 жыл

1 660*

2022 жыл

150*

12.

Кәсіптік-техникалық мектеп құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2020 жылдар

2019 жыл

344*

Жергілікті бюджет

13.

Балабақшалар құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР ҰЭМ

2019 - 2023 жылдар

барлығы

29 447*

Жергілікті бюджет, МЖӘ шеңберінде инвесторлардың қаражаты

2019 жыл

3 399*

2020 жыл

4 673*

2021 жыл

5 414*

2022 жыл

11 461*

2023 жыл

4 500*

барлығы

6 059*

МЖӘ

2019 жыл

1 211*

2020 жыл

1 212*

2021 жыл

1 212*

2022 жыл

1 212*

2023 жыл

1 212*

14.

Мәдениет объектілерін дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 - 2023 жылдар

барлығы

1 299*

Жергілікті бюджет

2020 жыл

467*

2021 жыл

468*

2022 жыл

182*

2023 жыл

182*

15.

Денсаулық сақтау объектілері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ДСМ,
ҚР Қаржымині
ҚР ҰЭМ

2019 - 2023 жылдар

барлығы

30 400*

МЖӘ/ Республикалық бюджет

2020 жыл

6 283*

2021 жыл

14 152*

2022 жыл

9 965*

барлығы

23 444*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

1 701*

2020 жыл

5 362*

2021 жыл

5 438*

2022 жыл

5 976*

2023 жыл

4 967*

барлығы

20 669*

МЖӘ

2020 жыл

1 957*

2021 жыл

11 602*

2022 жыл

3 555*

2023 жыл

3 555*

16.

Медицина және білім беру қызметкерлері үшін жатақханалар салу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2023 жылдар

барлығы

26 330*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

2 330*

2020 жыл

10 360*

2021 жыл

4 640*

2022 жыл

3 000*

2023 жыл

6 000*

17.

Нұр-Сұлтан қаласын абаттандыруды дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
ҚР ИИДМ
ҚР ЭМ
ҚР Қаржымині

2019 - 2023 жылдар

барлығы

21 853*

Республикалық бюджет

2019 жыл

9 961*

2020 жыл

3 858*

2021 жыл

5 577*

2022 жыл

2 457*

барлығы

41 208*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

12 604*

2020 жыл

9 808*

2021 жыл

5 283*

2022 жыл

7 453*

2023 жыл

6 060*

18.

Велосипед және жол-соқпақ жол желісін дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2023 жылдар

барлығы

40 581*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

3 461*

2020 жыл

5 432*

2021 жыл

7 988*

2022 жыл

13 200*

2023 жыл

10 500*

19.

Жаяу жүргіншілер аймақтарын дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2023 жылдар

барлығы

8 435*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

4 025*

2020 жыл

4 410*

20.

Коммуналдық шаруашылықты дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2020 жылдар

барлығы

2 536*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

2 536*

21.

Мемлекеттік органдарды және ішкі істер объектілерін дамыту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2020 жылдар

барлығы

1 519*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

1 519*

22.

Өрт сөндіру деполарының құрылысы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2021 жылдар

барлығы

3 448*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

1 537*

2020 жыл

1 911*

23.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, көппәтерлі тұрғын үй кешендерін және әлеуметтік объектілер құрылысына жер учаскелерін алып қою

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2019 - 2021 жылдар

барлығы

14 689*

Жергілікті бюджет

2019 жыл

13 573*

2020 жыл

1 116*

      Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының жинақы құрылысы жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыруға арналған болжамды шығыстардың көздері

Р/с №

Болжамды шығыстардың көзі (млн. теңге)

Барлығы

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1.

Республикалық бюджет

825 470

162 963

198 246

194 754

151 957

117 550

2.

Республикалық бюджеттен берілетін кредиттік қаражат

20 685

11 471

6 404

2 810

-

-

3.

МЖӘ / Республикалық бюджет

100 518

10 329

32 554

42 837

14 798

-

4.

Жергілікті бюджет

390 309

95 400

93 080

67 959

73 803

60 067

5.

Бағалы қағаздар шығару есебінен

72 351

13 535

10 496

22 500

19 800

6 020

6.

МЖӘ

64 128

1 211

3 169

12 814

23 467

23 467

7.

Жиыны:

1 473 461

294 909

343 949

343 674

283 825

207 104

      Ескерту*: жыл сайынғы қаржыландыру көлемі және (немесе) көздері тиісті растау құжаттамасы енгізілген кезде елдің экономикалық даму қарқынына, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндігіне негізделе отырып, тиісті қаржылық жылдарға мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын болады

      Ескерту:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ҚР ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      ҚР ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім

      ЖЭО – жылу электр орталығы

  Инженерлік-көлік
инфрақұрылымын қамтамасыз
ете отырып, Нұр-Сұлтан
қаласының жинақы құрылысы
жөніндегі 2019 - 2023 жылдарға
арналған кешенді жоспарға
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын алаптарын дамыту

      Ескерту Қаулы бөліммен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1052 қаулысымен.

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар
(млн. теңге)

Қаржыландыру көзі


2

3

4

5

6

7

1

"Байқоңыр" ауданы

1.1.

"Өндіріс" тұрғын алабы

1.1.1

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

4 900

республикалық бюджет

2021 жыл

1 450

2022 жыл

3 450

барлығы

5 397

жергілікті бюджет

2020 жыл

792

2021 жыл

1 660

2022 жыл

2 945

1.1.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ДСМ,
ҚР МСМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

1 800

республикалық бюджет

2020 жыл

800

2021 жыл

1 000

барлығы

4 054

жергілікті бюджет

2020 жыл

144

2021 жыл

1 060

2022 жыл

2 850

1.1.3

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

618

жергілікті бюджет

2020 жыл

618

1.2.

"Кирпичный" тұрғын алабы

1.2.1

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

600

республикалық бюджет

2020 жыл

300

2021 жыл

300

барлығы

441

жергілікті бюджет

2020 жыл

391

2021 жыл

25

2022 жыл

25

1.2.2

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 – 2022 жылдар

барлығы

1 300

жергілікті бюджет

2020 жыл

40

2021 жыл

630

2022 жыл

630

1.2.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

барлығы

575

жергілікті бюджет

2020 жыл

35

2021 жыл

540

1.3.

"Қазқалашық" тұрғын алабы

1.3.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

500

 
республикалық бюджет

2021 жыл

500

барлығы

262

жергілікті бюджет

2020 жыл

20

2021 жыл

15

2022 жыл

227

1.3.2.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

35

жергілікті бюджет

2020 жыл

35

2

"Сарыарқа" ауданы

2.1.

"Көктал-1" тұрғын алабы

2.1.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ЭМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

6 020

республикалық бюджет

2020 жыл

1 710

2021 жыл

2 710

2022 жыл

1 600

барлығы

1 880

жергілікті бюджет

2020 жыл

370

2021 жыл

585

2022 жыл

925

2.1.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

607

жергілікті бюджет

2020 жыл

607

2.1.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

4 904

республикалық бюджет

2020 жыл

2 700

2021 жыл

261

2022 жыл

1943

барлығы

1 858

жергілікті бюджет

2020 жыл

1 792

2021 жыл

8

2022 жыл

58

2.2.

"Көктал-2" тұрғын алабы

2.2.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ЭМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

8 370

республикалық бюджет

2020 жыл

2 485

2021 жыл

3 885

2022 жыл

2 000

барлығы

1 096

жергілікті бюджет

2020 жыл

117

2021 жыл

519

2022 жыл

460

2.2.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР МСМ,
ҚР ІІМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

2 650

республикалық бюджет

2020 жыл

1 000

2021 жыл

1 100

2022 жыл

550

барлығы

104

жергілікті бюджет

2020 жыл

55

2021 жыл

33

2022 жыл

16

2.2.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

34

жергілікті бюджет

2020 жыл

34

2.3.

"Агроқалашық" тұрғын алабы

2.3.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ЭМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

4 000

республикалық бюджет

2021 жыл

2 000

2022 жыл

2 000

барлығы

7 693

жергілікті бюджет

2020 жыл

773

2021 жыл

2 285

2022 жыл

4 635

2.3.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

барлығы

3 165

жергілікті бюджет

2020 жыл

796

2021 жыл

2 369

2.3.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

1 500

республикалық бюджет

2021 жыл

500

2022 жыл

1 000

барлығы

1 277

жергілікті бюджет

2020 жыл

852

2021 жыл

311

2022 жыл

115

3

"Алматы" ауданы

3.1

"Желездорожный" тұрғын алабы

3.1.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

2 700

республикалық бюджет

2021 жыл

1 350

2022 жыл

1 350

барлығы

4 351

жергілікті бюджет

2020 жыл

51

2021 жыл

2 150

2022 жыл

2 150

3.1.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне аппарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР МСМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2021 жылдар

барлығы

1800

республикалық бюджет

2020 жыл

800

2021 жыл

1000

барлығы

54

жергілікті бюджет

2020 жыл

24

2021 жыл

30

3.1.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 жыл

барлығы

40

республикалық бюджет

2020 жыл

40

барлығы

4

жергілікті бюджет

2020 жыл

4

3.2.

"Промышленный" тұрғын алабы

3.2.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

1 860

республикалық бюджет

2021 жыл

930

2022 жыл

930

барлығы

675

жергілікті бюджет

2020 жыл

403

2021 жыл

103

2022 жыл

169

3.2.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ДСМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

295

МЖӘ

2020 жыл

98

2021 жыл

98

2022 жыл

98

3.2.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2021 жылдар

барлығы

68

республикалық бюджет

2020 жыл

68

барлығы

417

жергілікті бюджет

2020 жыл

246

2021 жыл

171

3.3.

"Интернациональный" тұрғын алабы

3.3.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

барлығы

12

жергілікті бюджет

2020 жыл

4

2021 жыл

8

3.3.2

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 – 2022 жылдар

барлығы

1819

жергілікті бюджет

2020 жыл

28

2021 жыл

323

2022 жыл

1468

3.3.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

5

жергілікті бюджет

2020 жыл

5

3.4.

"Мичурин" тұрғын алабы

3.4.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

8

жергілікті бюджет

2020 жыл

8

3.4.2.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

1

жергілікті бюджет

2020 жыл

1

3.5.

"Күйгенжар" тұрғын алабы

3.5.1.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

1

жергілікті бюджет

2020 жыл

1

3.6.

"Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабы

3.6.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі
ҚР ИИДМ
ҚР ҰЭМ
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

6 650

республикалық бюджет

2021 жыл

3 650

2022 жыл

3 000

барлығы

1 820

жергілікті бюджет

2020 жыл

1 118

2021 жыл

332

2022 жыл

370

3.6.2.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

3 200

республикалық бюджет

2021 жыл

1 600

2022 жыл

1 600

барлығы

114

жергілікті бюджет

2020 жыл

20

2021 жыл

50

2022 жыл

44

4

"Есіл" ауданы

4.1.

"Үркер" тұрғын алабы

4.1.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

19 753

республикалық бюджет

2020 жыл

7 570

2021 жыл

8 713

2022 жыл

3 290

барлығы

721

жергілікті бюджет

2020 жыл

315

2021 жыл

296

2022 жыл

110

4.1.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР МСМ,
ҚР ІІМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

2 336

республикалық бюджет

2020 жыл

1 179

2021 жыл

699

2022 жыл

458

барлығы

3 296

жергілікті бюджет

2020 жыл

114

2021 жыл

2 344

2022 жыл

838

4.1.3

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

барлығы

1 821

жергілікті бюджет

2020 жыл

1 251

2021 жыл

570

4.2.

"Пригородный" тұрғын алабы

4.2.1

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2022 жылдар

барлығы

3 251

республикалық бюджет

2020 жыл

51

2021 жыл

1 400

2022 жыл

1 800

барлығы

315

жергілікті бюджет

2020 жыл

205

2021 жыл

50

2022 жыл

60

4.2.2.

Әлеуметтік объектілер

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2021 жылдар

барлығы

1 288

республикалық бюджет

2020 жыл

625

2021 жыл

663

барлығы

40

жергілікті бюджет

2020 жыл

40

4.2.3.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

19

жергілікті бюджет

2020 жыл

19

4.3.

"Заречный" тұрғын алабы

4.3.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

47

жергілікті бюджет

2020 жыл

47

4.3.2.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

21

жергілікті бюджет

2020 жыл

21

4.5.

"Тельман" тұрғын алабы

4.5.1.

Жол және инженерлік инфрақұрылым

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі,
ҚР ИИДМ,
ҚР ҰЭМ,
ҚР Қаржымині

2020 – 2021 жылдар

барлығы

2 611

республикалық бюджет

2020 жыл

1 311

2021 жыл

1 300

барлығы

149

жергілікті бюджет

2020 жыл

69

2021 жыл

80

4.5.2.

Абаттандыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

2020 жыл

барлығы

19

жергілікті бюджет

2020 жыл

19


      Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын алаптарын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға арналған болжамды шығыстардың көздері

Р/с

Болжамды шығыстардың көзі (млн. теңге)

Барлығы

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1.

Республикалық бюджет

80 621

20 339

35 011

25 271

2.

Жергілікті бюджет

46 123

11 482

16 546

18 095

3.

МЖӘ

393

197

98

98

4.

Жиыны:

127 137

32 018

51 655

43 464

      Инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының 2019 – 2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспарды іске асыруға және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын алаптарын дамытудың 2020 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға арналған болжамды ортақ шығыстардың көздері


Р/с №

Болжамды шығыстардың көздері (млн. теңге)

Барлығы

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

1.

Республикалық бюджет

906 091

162 963

218 585

229 765

177 228

117 550

2.

Республикалық бюджеттен берілетін кредиттік қаражат

20 685

11 471

6 404

2 810

-

-

3.

МЖӘ / Республикалық бюджет

100 518

10 329

32 554

42 837

14 798

-

4.

Жергілікті бюджет

436 432

95 400

104 562

84 505

91 898

60 067

5.

Бағалы қағаздар шығару есебінен

72 351

13 535

10 496

22 500

19 800

6 020

6.

МЖӘ

64 521

1 211

3 366

12 912

23 565

23 467

7.

Жиыны:

1 600 598

294 909

375 967

395 329

327 289

207 104