06.04.2018

Стратегиялық объектіні иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың менш

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына "Транстелеком" акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 26% минус 1 акцияны Марлен Сәбитұлы Мұқановтың пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 54-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

54.

"Транстелеком" АҚ 1 акциясы + акциялар пакетінің 25%

  ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген тізбесінде::

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32.

"Транстелеком" АҚ 1 акциясы – акциялар пакетінің 75%

  ".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев


Дата вступления в силу:  06.04.2018
Дата изменения акта:  06.04.2018
Дата принятия акта:  06.04.2018
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 13.04.2018 ж.; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 92-құжат, Басуға қол қойылған күні 22.05.2018 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  120448
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  176
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  031000000000 / 005000000000
Форма акта:  ИЗМ / ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz