"2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 99 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 − 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 32-қосымшада:

      реттік нөмір 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

"Назар
баев Зияткерлік мектеп
тері" дербес білім беру ұйымдарындағы білім беру және тәрбие
леу бойын
ша көрсетілетін қызмет
тер

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Program енгізе отырып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 1-6 сынып оқушыларына арналған білім беру қызметтері; "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Program және Халықаралық бакалавриат оқу бағдарламасын енгізе отырып, оқушылардың Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақханаларында тұруын ескере отырып, 7-12 сыныптары оқушыларына республикалық комиссия тағайындаған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының "Өркен" білім беру грантын іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтер

Қазақс
тан Респуб
ликасы
ның Білім және ғылым министрлігі

"Назарбаев Зияткерлік мектеп
тері" ДБҰ

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтама
сыз ету"
101 "Назарбаев Зияткерлік мектепте
рінде мемлекет
тік білім беру тапсыры
сын іске асыру"

29 572 704

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 13-1, 17-1, 18-1, 18-2, 19-1, 26-1, 27-1, 27-2, 27-3, 27-4, 35-1, 35-2, 35-3, 35-4, 35-5, 35-6-жолдармен толықтырылсын:

      "

11-1

Қазақс
тан Республикасында білім беруді және ғылым
ды дамыту
дың 2016 − 2019 жылдар
ға арналған мемлекеттік бағдарламасын талдау және ақпарат
тық-медия
лық сүйемел
деу

Білім және ғылым саласында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жария ету бойынша кешенді ақпараттық саясатты жүргізу, оның аясында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
- қоғамдық пікірді қалыптастыру, ақпаратты бұрмаламай халықпен тікелей байланыс орнату үшін телевизиялық ток-шоулар түсіру және тарату, халыққа ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- мультимедиалық имидждік арнайы жобаларды әзірлеуді, интернет БАҚ-та жариялау үшін блогерлермен жұмыс жасауды, әлеуметтік желілерде ілгерілету стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, теріс пікірлерді жою және тұрақты мониторингті жүргізуді, қоғамның қабылдауын талдауды қоса алғанда, интернет кеңістігінде жұмыс істеу

Қазақстан Республикасы
ның Білім және ғы
лым министрлігі

"Ақпарат
тық-тал
дау орталығы" АҚ

001 "Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптас
тыру және іске асыру" 103 "Әлеуметтік, талдама
лық зерттеу
лер жүргізу және консал
тингтік қызмет
тер көрсету"

457 044

13-1

Мектеп
ке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққан
дағы қаржыландырудыәдіснамалық қамтама
сыз ету және монито
рингтеу бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу бойынша көрсетілетін қызметтерді орындау аясында: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін келісуге ықпал етуді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және жергілікті атқарушы органдарының әкімшілігі үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыруды және өткізуді; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру барысында туындайтын проблемаларды талдау және тиісті ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғы
лым министрлігі

"Қаржы орта
лығы" АҚ

098 "Мектеп
ке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтама
сыз ету" 102 "Мектеп
ке дейінгі білім беру саласындағы әдіснама
лық қамтама
сыз ету"

39 624

17-1

Халық
аралық талаптарды ескере отырып, білім беру статистикасын жинақ
тауды сүйемел
деу

Білім беру статистикасы мектепке дейінгі, жалпы орта және техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін мониторингтеу және болжау, оның ішінде білім беру объектілерінің қажеттілігін анықтау, кадрлық және материалдық-техникалық қамтылуын, қаржыландыру көлемін, мемлекеттік тапсырысты есептеу, стратегиялық құжаттарды, оның ішінде білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және т.б. іске асырылуын талдау және мониторингтеу үшін қажет

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғы
лым министрлігі

"Ақпарат
тық-тал
дау орта
лығы" АҚ

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтама
сыз ету" 102 "Орта білім беру саласындағы әдіснама
лық қамтама
сыз ету"

89 271

18-1

Республикалық, халықаралық мектеп олимпиадаларын, конкурс
тарды және өзге де республикалық маңызы бар мектеп
тен тыс іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және оларға балалар
дың қатысуы

Республикалық және халықаралық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, дарынды оқушыларды анықтау; оқушыларды халықаралық олимпиадаларға, конкурстарға іріктеу және дайындау, республикалық семинарлар, конкурстар, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және дайындау. Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн арттыру мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ олимпиадалар мен конкурстар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандырып, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Рес
пуб
лика
сы
ның Білім және ғы
лым министрлігі

"Дарын" рес
публикалық ғылыми-прак
тика
лық орта
лығы" РМКҚ

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамта
масыз ету" 103 "Респуб
ликалық мектеп олимпиа
даларын, конкурс
тар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу"

266 788

18-2

Қазақс
танның, алыс және жақын шетелдің мамандандырыл
ған мектеп
тері арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша Халық
аралық Жәутіков олимпиадасын өткізу бойынша көрсетілетін қызмет
тер.

Заманауи экономика терең білімі бар және жаңашылдыққа қабілетті мамандарды қажет етеді, сондықтан үздік тарихи тәжірибеге және ең табысты заманауи үлгілерге негізделген жас дарындарды анықтау және дамыту бойынша жұмыс Қазақстан экономикасын жаңғыртудың қажетті элементі болып табылады. Қазақстан Республикасында дарынды балалармен және жастармен жұмыс жасаудың бай тәжірибесі жинақталған.
Қазақстанның мамандандырылған білім беру ұйымдарын құруда басымдығы бар, сол ұйымдардың түлектері бүгінде еліміздің зияткерлік элитасына кіреді.

Қазақстан Рес
пуб
лика
сының Білім және ғылым министрлігі

"Рес
публикалық физи
ка-ма
тематика мекте
бі" КеАҚ

099 "Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтама
сыз ету" 103 "Респуб
ликалық мектеп олимпиа
даларын, конкурс
тар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу"

27 749

19-1

Орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққан
дағы норма
тивтік қаржы
ландыруды енгізуді сүйемел
деу және монито
рингтеу бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізуді сүйемелдеу және мониторингтеу жөніндегі қызметтерді орындау аясында:
Қазақстан Республикасының жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларын әзірлеуді; пилоттық мектептердің қызметкерлері мен мүдделі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға көшу мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыруды және өткізуді; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру барысы мен нәтижелері туралы деректер жинауды, мониторингтеуді және талдауды; "Қаржы орталығы" АҚ-ның білім беру ұйымдарында жан басына қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингтеу бойынша қызметін басқарудың ақпараттық (автоматтандырылған) жүйесінің жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республика
сының Білім және ғылым министрлігі

"Қаржы орта
лығы" АҚ

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтама
сыз ету" 106 "Опера
тордың жан басына шаққандағы қаржыландыру жөніндегі көрсете
тін қызмет
теріне ақы төлеу"

34 843

26-1

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққан
дағы норма
тивтік қаржы
ландыруды енгізуді әдіснамалық қамтама
сыз ету және монито
рингтеу бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды енгізуді әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу бойынша қызметтерді орындау аясында: − техникалық және кәсіптік білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының жаңа нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуді және оларды келісуге жәрдемдесуді, сондай-ақ қолданыстағыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру мәселелері бойынша деректер жинауды және мониторинг жүргізуді; - жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға және колледждердің қызметкерлеріне консультациялық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады.

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғылым министрлігі

"Қаржы орта
лығы" АҚ

203 "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар
мен қамтама
сыз ету" 101 "Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы әдіснама
лық қамтама
сыз ету"

42 103

27-1

Мемле
кеттік білім беру тапсырысының негізінде жоғары білім беруді қаржы
ландырудың жаңа нысандарын әзірлеу бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Жоғары оқу орындарында жан басына шаққандағы нормативтiк қаржыландыруды енгiзудi әдіснамалық қамтамасыз ету және мониторингтеу

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғылым министрлігі

"Қаржы орта
лығы" АҚ

204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар
мен қамтама
сыз ету" 103 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснама
лық қамтама
сыз ету"

35 286

27-2

"ЖОО-ның 2018 жылғы рейтингі" зерттеуін жүргізу

Елдің жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудегі негізгі басымдықтардың бірі болып университеттер мен бизнес-құрылымдарының интеграциясы белгіленген. Осы басымдықты орындау мақсатында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Іс-шаралар жоспарында "ЖОО-ның рейтингі" зерттеуін жүргізу бекітілген.

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғылым министрлігі

ҚР "Ата
мекен"
ҰКП

204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар
мен қамтама
сыз ету"
103 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласын
дағы әдіснама
лық қамтама
сыз ету"

47 897

27-3

Білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы төртінші басымдық аясында жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейіне және білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарды күшейту міндеті қойылды.

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғылым министрлігі

ҚР "Атамекен" ҰКП

204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар
мен қамтама
сыз ету" 103 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснама
лық қамтама
сыз ету"

185 491

27-4.

Мемле
кеттік білім беру және студент
тік кредиттерді қайтару және жас маман
дар мен филосо
фия докторларының (PhD) жұмысқа орналасуын мониторингтеу бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару және оларға қызмет көрсету, ауылдық квота шегінде білім беру гранты бойынша, философия докторы (Phd) бағдарламасы бойынша білім алған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары түлектерінің ауылдық елді мекендерде орналасқан білім беру ұйымдарына және денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналасуының мониторингін қамтамасыз ету және жас мамандардың ауылдық елді мекендерде жұмыспен өтеу міндетін орындау бойынша қызмет көрсету.

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғылым министрлігі

"Қаржы орта
лығы" АҚ

204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар
мен қамтама
сыз ету" 104 "Сенім білдіріл
ген агенттер
дің білім беру кредиттерін қайтару жөніндегі қызмет
теріне ақы төлеу"

207 367

35-1

Ғылыми-таным
дық, кітапха
на-ақпарат
тық қамтама
сыз ету, қазақс
тандық ғылым
ды кеңінен таныту, ғылыми-зерттеу институттарының және мекеме
лердің, музейлермен ғылыми кітап
ханалар
дың жұмыс істеуін қамтама
сыз ету бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Ғылым мен білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Ғылыми-оқыту және мәдени-ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және өткізу арқылы қазақтандық ғылымды кеңінен таныту. Музейлердегі ғылыми-қорландыру жұмыстары. Музей қорларын ғылыми өңдеуді жүзеге асыру, оны анықтамалық-іздеу аппаратының көмегі арқылы дәстүрлі және электрондық түрлерін ашу және оларға қолжетімділікті ұйымдастыру. Пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету, ғалымдарға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне ақпараттық және әдістемелік қызметтер көрсету. Пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету, филиалдардың жұмысын жетілдіру, тарихи маңызы бар және архивтер мен сирек кездесетін кітапхана материалдарына көпшілік оқырман мен зерттеушілердің қолжетімділігі үшін алаңдар қалыптастыру.

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғы
лым министрлігі

Қазақстан Рес
публикасы Білім және ғылым министрлігі Ғы
лым коми
теті
нің "Ғы
лым орда
сы" ШЖҚ РМК

219 "Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-техника
лық және ғылыми-педагоги
калық ақпаратқа қолжетімділікті қамтама
сыз ету" 101 "Ғылыми, ғылыми-техника
лық және ғылыми-педагоги
калық ақпарат
тың қолжетімділігін қамтама
сыз ету"

291 576

35-2

Мектеп
ке дейінгі тәрбие және оқыту қызмет
керлері
нің біліктілі
гін арттыру бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілігін үздіксіз арттырудың тиімді үлгісін құру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғылым министрлігі

"Өр
леу" біліктілікті арт
тыру ұлт
тық орта
лығы" АҚ

221 "Мектеп
ке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйым
дары кадрларының біліктілі
гін арттыру және қайта даярлау"

328 551

35-3

Мектеп мұғалім
дерінің біліктілі
гін арттыру курс
тарын ұйымдастыру

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша мектептердегі информатика, биология, химия, және физика пәндерінің мұғалімдеріне тілдік курстар ұйымдастыру

Қазақстан Рес
публикасы
ның Білім және ғылым министрлігі

"На
зарба
ев Уни
верситеті" ДБҰ

222 "Орта білім беру мемлекеттік ұйымдар кадрларының біліктілі
гін арттыру және қайта даярлау"

1 424 048

35-4

Бастау
ыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйым
дары қызметкерлерінің біліктілі
гін арттыру бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілігін үздіксіз арттырудың тиімді үлгісін құру арқылы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйелерінің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну.

Қазақстан Рес
публикасы Білім және ғылым министрлігі

"Өр
леу" біліктілік
тікті арт
тыру ұлт
тық орталығы" АҚ

222 "Орта білім беру мемлекеттік ұйымдар кадрларының біліктілі
гін арттыру және қайта даярлау"

3 805 904

35-5

Халық
аралық талаптарға сәйкес техника
лық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік - педагогикалық жұмыс
керлер
дің біліктілі
гін арттыру курста
рын өткізу және ұйымдастыру
 

Жаңа формациядағы педагогті қалыптастырудың инновациялық тәсілдері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженер-педагог қызметкерлері мен басшыларының біліктілігін арттыру.

Қазақстан Рес
публикасы Білім және ғылым министрлігі

"Кәсіпқор Хол
дингі" КЕАҚ

223 "Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйым
дары кадрларының біліктілі
гін арттыру және қайта даярлау"

226 600

35-6

Жоғары оқу орын
дары жүйесі қызмет
керлері
нің біліктілі
гін арттыру бойынша көрсетілетін қызмет
тер

Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес біліктілігін үздіксіз арттырудың тиімді үлгісін құру арқылы жоғары білім беру жүйелерінің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну.

Қазақстан Рес
публикасы Білім және
ғылым министрлігі

"Өр
леу" біліктілікті арттыру ұлт
тық
орта
лығы" АҚ

224 "Мемле
кеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым
дары кадрларының біліктілі
гін арттыру және қайта даярлау"

124 954

      ".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев