"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қаз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 882 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.11.2018 № 746 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 70, 472-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы";

      "Паспорт (негізгі параметрлер)" деген 1-бөлімде 1, 3 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Атауы

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру

Қаржыландыру көздері және көлемі

1) республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 – 40 295 647 мың теңге;
2018 – 40 664 637 мың теңге;
2019 – 41 540 291 мың теңге;
2) жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаражат:
2017 – 45 038 436 мың теңге;
2018 – 45 391 093 мың теңге;
2019 – 45 453 119 мың теңге

                                                                                    ";

      "Кіріспе" деген 2-бөлімнің сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осыған байланысты "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.";

      "2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:" деген кіші бөлімде:

      14) тармақша мынадай редакцияларда жазылсын:

      "14) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/"АШҚҚҚ" АҚ ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында кредиттік желімен жаңартылмайтын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;";

      49) тармақша мынадай редакцияларда жазылсын:

      "49) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте бір жылдан кем уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес жобалары;";

      мынадай мазмұндағы 50), 51) және 52) тармақшалармен толықтырылсын:

      "50) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі ЕДБ-ға/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға/МҚҰ-ға/КС-ға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте үш жылдан астам мерзімді құрайтын кәсіпкер;

      51) үміткер – "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмысшы, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруашылық және фермерлік қожалықтар;

      52) жұмысқа орналастыру бойынша жеке онлайн алаң – жұмыс іздеуге және персонал таңдауға арналған жеке сервис.";

      "3. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "1. Мүмкіндіктері" тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мүмкіндіктері";

      "1. Мүмкіндіктері" деген кіші бөлімде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;";

      "4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:

      "4.3 Міндеттер" деген кіші бөлімде:

      "4.3.1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету" деген тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

      1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

      2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.";

      "Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері" деген 2-кесте мынадай редакцияда жазылсын;

      "2-кесте. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны
 

мың адам

26

36

46

50

56

Еңбекмині, ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

      ";

      "4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген тармақта:

      3 және 4-кестелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-кесте. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен адамдардың саны

мың адам

15

30

30

30

30

ҰКП (келісім бойынша), ЖАО

2

Бизнестерін ашқан және кеңейткен қатысушы-
лардың саны
 

%

20

20

20

20

20

АШМ, ҰЭМ, ЖАО


      4-кесте. Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ауылда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, кемінде

бірлік

ЖАО есептері

3300

3500

3 500

3700

3900

АШМ, ЖАО

2

Ауылда берілген кепілдік-тердің саны

бірлік

ЖАО есептері

252

290

320

346

373

АШМ, ЖАО, "ҚазАгро Кепіл" АҚ (келісім бойынша)

3

Ауылдағы қаржылан-дырылған бастапқы бизнестер-дің үлесі
 

%

ЖАО есептері

20

20

20

20

20

АШМ, ЖАО

      ";

      "4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы" деген тармақта:

      6 және 7-кестелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-кесте. Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауапты-лар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан Бағдарламаға тартылған адамдардың үлесі

%

75

78

83

87

90

Еңбекмині, ЖАО

2

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

%

65

67

70

72

75

Еңбекмині, ЖАО

3

Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша жүгінгендердің қатарынан оған қатысушылар құрамына енгізілген әйелдердің үлесі

%

45

45

45

46

48

Еңбекмині, ЖАО

4

Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің қатарынан тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі

%

60

65

68

70

75

Еңбекмині, ЖАО

5

Жастар практикасына қатысушылардың саны

мың адам

12,7

13,2

13,6

13,8

14,0

Еңбекмині, ЖАО

6

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша адамдардың саны

мың адам

11,3

11,4

11,5

11,6

11,7

Еңбекмині, ЖАО

7

Жұмысқа орналасқандардың саны

мың адам

60

75

90

130

150

Еңбекмині, ЖАО

8

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны

мың адам

-

2,6

2,6

2,6


Еңбекмині, ЖАО

      7-кесте. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері

Р/с №

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру жылдары

Орындауға жауаптылар

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылардың саны

мың адам

2,7

9,3

9,5

9,3

3,2

Еңбекмині, ЖАО

2

Еңбекке қабілетті оралмандар мен қоныс аударушылар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

90

92

94

95

96

Еңбекмині, ЖАО

      ";

      "5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде:

      "5.1 Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

      1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

      2) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.";

      "5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау" деген тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.";

      ТжКБ бар кадрларды даярлау тетігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрылады.

      Мобильдік топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.

      Мобильдік топтардың қызметін ұйымдастыруды аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады; ";

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) мынадай санаттағы Бағдарламаға қатысушы оқудан шығарылған жағдайда оларды аудандық (қалалық) комиссияның келісімімен қолда бар бос жұмыс орындарына демалыстық емес кезеңде ауыстыруға немесе қабылдауға жол беріледі:

      - 9-11 сынып бітірушілер, оқу орындарына түспеген адамдар (оқу жылы басталғаннан кейін бір ай ішінде);

      - ақылы негізде, оның ішінде ұқсас кәсіп бойынша оқып жатқандар.

      Үміткерді ауыстыру немесе қабылдау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      - үміткер еркін нысанда білім беру ұйымы басшысының атына бос орынға ауыстыру немесе қабылдау туралы өтініш береді;

      - білім беру ұйымының басшысы осы өтінішті қарап, аудандық (қалалық) комиссиямен келісу бойынша үміткерді бос орынға ауыстыру немесе қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      6-2) жетім балалардан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан, қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан адамдардан басқа Бағдарламаға қатысушылар жетім балалар үшін күндізгі рацион құнының 40 пайыздық есебімен біржолғы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.";

      "5.1.2. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу" деген тармақта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан мобильдік оқу орталықтары арқылы өте алады. Кәсіптік оқудан мобильдік оқу орталықтары арқылы өткен кезде Бағдарламаға қатысушыға тұруға арналған (тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге) материалдық көмек төленбейді.";

      қысқа мерзімді кәсіптік оқу жүргізу тетігінде:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған Бағдарламаға қатысушыларға білім беру ұйымы белгіленген үлгідегі куәлік, біліктілік беру туралы сертификат береді.

      Білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда Бағдарламаға қатысушыларды аудандық (қалалық) комиссиямен келісу бойынша оқудан шығаруға мүмкіндігі бар.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Кадрларды даярлау және оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде оқушылар жөнінде статистикалық есептілікті ұсынады.

      Білім беру ұйымдарындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқудың құнын облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жыл сайын білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарға сүйене отырып өңірлік комиссиялар белгілейді және өндірістегі тәлімгерлердің еңбегіне де ақы төлеуді көздейді. Өндірістегі тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қысқа мерзімді кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Заңға сәйкес Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.";

      Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде тараптардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруда:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші бағыт шеңберінде оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушыларға мынадай мөлшерде:

      1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жол жүруге;

      2) Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

      Материалдық көмек білім беру ұйымы келуі туралы берген анықтаманың негізінде шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай төленеді.";

      Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде тартылған тараптардың функцияларын бөлуде:

      екінші бөлік мынадай редакцияларда жазылсын:

      "Аудандық (қалалық) комиссия:

      1) ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлердің тізімдерін бекітеді;

      2) Бағдарламаға қатысушыларды оқудан шығару және үміткерді бос орынға ауыстыру туралы шешім қабылдайды;

      3) ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топтар құрады.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдары:

      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін ӨКП-мен бірлесіп кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;

      2) цифрлық сауаттылық дағдыларына, ағылшын тілін және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлейді;

      3) кадрлар даярлаудың дуальды моделінің элементтері бар қысқа мерзімді кәсіптік оқуды және ТжКБ бар кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқу жүргізеді;

      4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар туралы ақпарат ұсынады;

      5) белгіленген үлгідегі біліктілік беру туралы құжаттарды (диплом, сертификат, куәлік) береді;

      6) порталдағы жеке кабинет арқылы тұрақты негізде оқып жатқан, оқуды аяқтаған, оқудан шығарылған адамдар бойынша ақпаратты енгізуді іске асырады. Аталған ақпарат порталдық шешім арқылы облыстық деңгейдегі білім және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ мониторинг және есептілікті құруды іске асыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына қолжетімді болады.";

      оныншы және он бірінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту орталықтары:

      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қатысушылардың тізімін қалыптастырады, комиссиялардың қарауына үміткерлердің тізімдерін шығарады және аудандық (қалалық) комиссия қабылдаған шешімдер туралы үміткерлерді хабардар етеді;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын, сондай-ақ оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушылардың мониторингін ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады;

      4) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      5) оқу орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша ӨКП өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;

      6) ай сайынғы негізде порталдан деректерді жүктеу арқылы мониторинг жүргізеді және есепті айдан кейінгі айдың 5-ші күніне дейін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ға оқып жүргендер бойынша статистикалық есептілікті ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы:

      1) кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге ұсынысты болжауға қатысады;

      2) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін ӨКП шешімдерінің негізінде оқу орталықтарының тізілімін қалыптастырады;

      3) өзінің интернет-ресурсында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша оқу орталықтарының тізілімін орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өңірлік кәсіпкерлер палаталары:

      1) үміткерлерді тартуға және олардан қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өтініштер қабылдауға қатысады;

      2) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін айқындауға қатысады;

      3) қысқа мерзімді кәсіптік оқу үшін, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы оқыту үшін оқу бағдарламаларын келіседі;

      4) кәсіптер бөлінісінде жұмыскерлерге сұранысты болжауға қатысады;

      5) ТжКБ бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      6) қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін оқу орталықтары бар жұмыс берушілердің немесе оқу орталықтарының өтініштерін қарайды, оларды ҚР ҰКП-ның оқу орталықтарының тізіліміне енгізу турады шешім қабылдайды және оны ҚР ҰКП-ға жолдайды.";

      "5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген кіші бөлімде:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

      1) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

      2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;

      3) қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;

      4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

      "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және қалаларда микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және ауылдар мен шағын қалаларда 2018 жылдан бастап "Бастау Бизнес" жобасын іске асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру мәселесі бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының операторлары болып табылады.";

      "5.2.1. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту" деген тармақта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, 2018 жылдан бастап қала, оның ішінде кіші және шағын қала тұрғындары "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан студенттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде стипендиямен қамтамасыз етіледі.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде күнтізбелік 25 күнді құрайды.";

      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқуға қатысушыларды жинау туралы хабарландыру және оқыту графигі бұқаралық ақпарат құралдарында және қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурсына орналастырылуға тиіс.";

      "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды іске асыру тетігінде:

      бірінші бөліктің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оқуға үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыту мәселелері жөнінде консультация алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының (ӨКП) аудандық/қалалық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкіміне қатысуға өтінішпен жүгінеді және тізбесі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларында көзделген құжаттарды тапсырады;

      2) ӨКП-нің аудандық/қалалық филиалы/ауылдық округтің немесе елді мекеннің әкімі үміткерлердің құжаттары мен өтініштерін халықты жұмыспен қамту орталықтарына ("Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің тізімін "Бастау Бизнес" жобасының нысаналы тобына сәйкестігі тұрғысынан "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы тексеруді жүзеге асырады және үміткерлердің тізімін ӨКП-нің аудандық/қалалық филиалына (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) береді;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ӨКП ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне қарай кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға (2018 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша мынадай:

      1) оқуға жіберілгендердің;

      2) оқуын аяқтағандардың;

      3) жеке ісін ашқандардың және/немесе кеңейткендердің;

      4) кредит/микрокредит алғандардың саны туралы және әрбір қатысушы бойынша (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұрақты тұратын мекенжайы) ақпаратты (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.";

      "5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау" деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, моноқалаларда, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмыс істеп тұрған және жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

      Қаржыландыру мақсаты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметін кеңейту және/немесе дамыту болып табылатын жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады.

      Үміткерлер тікелей не ӨКП-нің аудандық филиалдары/ауылдық округтердің және елді мекендердің әкімдері арқылы мынадай құжаттарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін;

      2) бар болса кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сертификат) туралы құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтарына консультация алу үшін жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары 2 жұмыс күні ішінде үміткерлерге кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.

      Микробизнес ашу немесе кеңейту/дамыту үшін кредиттер/микрокредиттер, оның ішінде бұдан бұрын "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының шеңберінде кредиттер/микрокредиттер алған Бағдарламаға қатысушыларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және (немесе) құруға және Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беріледі. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуды және (немесе) құруды және жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Кредиттер/микрокредиттер:

      1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін;

      2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.

      Микробизнес ашу үшін кредиттер/микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне не Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өту шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін немесе кредит/микрокредит алуға жүгінген күннің алдында сертификат алған мерзімнен кейінгі соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.

      Кредиттер/микрокредиттер жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін дамыту үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.

      Кредиттер/микрокредиттер басым тәртіппен аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ӨКП-мен бірлесіп аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасын әзірлейді және қажет болған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізеді. Бұл ретте аудандар мен шағын қалалардың мамандану картасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісіледі, оларды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары бекітеді.

      Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктерге (КС)/"АШҚҚҚ" АҚ-ға/ "ҚазАгроКепіл" АҚ-ға ұсынылады.

      Аудандардың, шағын қалалардың мамандану картасы бизнесті дамыту үшін әлеуетті тауашалар мен табысты бағыттарды айқындау бойынша аудандық деңгейде өткізілетін маркетингтік зерттеу негізінде әзірленеді. Маркетингтік зерттеуді (скрининг әдісі бойынша) "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді. Маркетингтік зерттеу аяқталғанға дейін бұдан бұрын бекітілген аудандардың, шағын қалалардың мамандану карталары қолданады.

      Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда, қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "АШҚҚҚ" АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.

      Қалаларда және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер қорландыру "Даму" КДҚ АҚ арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары арқылы беріледі.

      Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға мынадай шарттармен бюджеттік кредит беріледі:

      1) қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға;

      2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микрокредит беру;

      3) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен артық емес мерзімді құрайды;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 айды құрайды және бюджеттік кредитті жергілікті атқарушы органға аударған кезден бастап есептеледі.

      Кредитор жергілікті атқарушы органмен жасалатын қарыз шарты сомасының кемінде 20 %-ын бастапқы бизнесті қаржыландыруға жолдайды.

      Кредиттер/микрокредиттер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарды өтеуге, акцизделетін өнімдерді өндіруге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағытын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт жасаған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсатқа өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ) сатып алуға берілмейді.

      Бағдарламаның екінші бағытының операторлары кредиттік шартта жергілікті атқарушы органдар үшін жеңілдікті кезең белгілейді, бұл ретте жеңілдікті кезең ұзақтығы кредит мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс.

      Микрокредит беру ұйымының және "АШҚҚҚ" АҚ қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Бір облыста бір мезгілде екі микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ қатысуына жол беріледі.

      Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

      Микрокредит беру ұйымдарына және "АШҚҚҚ" АҚ-ға бюджеттік кредит беру шарттары:

      1) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 %;

      3) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымдары үшін – 6 ай, "АШҚҚ" АҚ - 12 ай;

      4) нысаналы мақсаты – "АШҚҚҚ" АҚ үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру; микрокредит беру ұйымдары үшін – Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру үшін МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру.

      МҚҰ/КС/ЕДБ-ны қорландыру шарттары:

      1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық, мақсатты пайдалану шарттарында жүзеге асырылады. Микроқаржы ұйымдары үшін қарыз қаражаты қаржылық тұрақты микроқаржы ұйымдарын қоспағанда, қамтамасыз етумен беріледі;

      2) кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

      3) сыйақының номиналды мөлшерлемесі – "Даму" КДҚ" АҚ үшін жылдық 1 %-ға дейін және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ үшін жылдық 2%-ға дейін;

      4) игеру кезеңі – кредиттік келісім жасасқан күннен бастап шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде 12 ай, қалаларда және моноқалаларда 6 ай;

      5) нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға кредит/микрокредит беру.

      Микрокредит беру ұйымдарына/ЕДБ/МҚҰ/КС/"АШҚҚҚ" АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

      Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беру шарттары:

      1) кредит/микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі – 7 жылға дейін;

      2) кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;

      4) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға Бағдарламаға қатысушы кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебімен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе төлемдерді алуға тыйым салынады, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АШҚҚҚ" АҚ қоспағанда, кредит беру ұйымдарымен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

      5) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан), шағын қалаларда, қалаларда және моноқалаларда кредит/микрокредит Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын орта және ірі кәсіпорындар субъектілеріне берілмейді;

      6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша кредит/микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;

      7) МҚҰ/КС/ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ және Бағдарламаға қатысушы арасындағы кредит/микрокредит беру туралы шарттарда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, міндетті түрде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша шарт көрсетіледі;

      8) қарыздың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес Бағдарламаға қатысушы қызметінің бағыттары бойынша айқындалады;

      9) ЕДБ/МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының және Бағдарлама шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражаттар есебінен аудандардың және шағын мамандандыру картасында көрсетілген қызметтердің басым түрлеріне қарамастан Бағдарлама шарттарымен соңғы қарыз алушыларға қайта микрокредит/кредит беруді мынадай тәртіппен іске асырады:

      2018 жыл аяқталғанға дейін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша 2015 – 2016 жылдар ішінде соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен;

      осы Бағдарлама шеңберінде келесі қаржы жылы аяқталғанға дейін қаржы жылы ішінде және жергілікті атқарушы органдармен жасалған қаржыны тарту туралы шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебінен.

      Көрсетілген мерзім өткенге дейін аталған қаражат игерілмеген жағдайда, МҚҰ/КС/ ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ олардың тиісті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Қалаларда және моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тәртібі Микрокредит беру қағидаларында айқындалады.

      Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:

      1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

      2) микробизнес ашуды жоспарлайтын, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және қызығушылық танытқан үміткерлер "Бастау Бизнес" жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары "Еңбек нарығы" ААЖ-да тексеру нәтижелері бойынша оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микрокредит беру қағидаларында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, кредит/микрокредит алуға арналған өтінішпен МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ-ға жіберіледі;

      4) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/ микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

      5) МҚҰ/КС ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады. Микрокредит беру ұйымы және "АШҚҚҚ" АҚ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;

      6) МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ кредит/микрокредит берілген күннен бастап тоқсан күн ішінде кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Кредиттердің/ микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп МҚҰ/КС/микрокредит беру ұйымына тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ұсынылады;

      7) микрокредит беру ұйымы мен "АШҚҚҚ" АҚ тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға Микрокредит беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес кредиттердің/микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп (портал арқылы электрондық түрде/ қолма-қол) береді.

      Шағын қалалардан басқа моноқалаларда, қалаларда кредиттер/микрокредиттер беру тетігі:

      1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/қалалардың және қала құрамындағы аудандардың әкімдіктеріне кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;

      2) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ қызығушылық танытқан үміткерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;

      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерді "Еңбек нарығы" ААЖ-де тексеру нәтижелері бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттарымен (бар болса) МҚҰ/ЕДБ-ға жібереді;

      4) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредит/ микрокредит алу үшін өтініммен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;

      5) ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, кредит/микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

      6) ЕДБ/МҚҰ ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде Бағдарлама шеңберінде берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша микрокредит беру ұйымына ақпарат ұсынады;

      7) микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/ микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады;

      "5.2.3. Қалалардағы және ауылдағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру" деген тармақ:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда кепілдендіруге қатысуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, БЗЖҚ, облыс әкімдігінің және микрокредит беру ұйымының қаражаты есебінен іске асырылып жатқан бағдарламалар шеңберінде МҚО/КС арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлерге жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 5.2.5-тармақпен толықтырылсын:

      "5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру"

      Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап жатқан Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

      Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер қоныс аударушылар мен оралмандар, Бағдарламаның шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған азаматтар болып табылады.

      Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК дейінгі мөлшерде ұсынылады.

      Мемлекеттік грант қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға пайдаланылады.

      Мемлекеттік грант тұтынушылық мақсатқа, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.

      Бағдарламаға қатысушылардың мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.

      Бағдарламаға қатысушылар үшін мемлекеттік гранттар алуға қойылатын міндетті шарттар:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі;

      2) ӨКП-нің оң қорытындысының болуы;

      3) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтағаны туралы құжаттың болуы болып табылады.

      Мемлекеттік грант қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.

      ӨКП мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтінімін қарау жөнінде комиссия құрады.

      Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

      1) үміткерлер мемлекеттік гранттарды алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінеді;

      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтінімдер мен құжаттарды қарап, мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және ӨКП жанындағы комиссияның қарауына жібереді;

      3) ӨКП жанындағы комиссия қажетті құжаттарды қарап, мемлекеттік грант беру/бермеу туралы қорытынды дайындайды және оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жолдайды;

      4) ӨКП жанындағы комиссия қорытынды беру үшін қажет болған жағдайда мемлекеттік грант алуға үміткер адамдармен жеке сұхбаттасу өткізеді не қосымша құжаттар сұратады;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығы қорытындыларды алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді;

      6) ӨКП мемлекеттік грант берілген күннен бастап 12 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға жәрдемдеседі.

      Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.";

      "5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген кіші бөлімде:

      "5.3.1. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу" деген тармақта:

      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа орналасу үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.";

      әлеуметтік жұмыс орындарын құруда:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.";

      жастар практикасын ұйымдастыруда:

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияларда жазылсын:

      "Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің қатысуына жол беріледі.

      Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі.";

      "5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру" деген тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

      Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы мынадай бағыттар бойынша:

      1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жүзеге асырылады;

      Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 артық адамды құрайтын шығу өңірлері болып айқындалған.

      Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады;

      2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.

      Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:

      Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен оралмандардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат ұсынады.

      Ақпарат кәсіптерді (мамандықтарды) көрсете отырып, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымдардың мүмкіндіктері мен бар болуы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық ресурсқа орналастыру арқылы аталған ақпаратқа басқа өңірлердің жергілікті атқарушы органдарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      Шығу өңірлерінің жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысу үшін әлеуетті қоныс аударушылардың санын айқындайды және оларды қабылдау өңірлері және қабылдау шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен оралмандардың қажетті саны, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.

      Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталарына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.

      Мыналар:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде оқуды аяқтағандар;

      2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;

      3) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      4) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз мөлшерінде квотамен айқындалған қабылдау өңірлерінде оқып жатқан ауыл жастары қатарында оқуын аяқтаған азаматтар өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуда басымдықты пайдаланады.

      "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастарының қатарындағы түлектер, сондай-ақ оралмандар өңіраралық ерікті қоныс аударуға шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.

      Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:

      1) мемлекеттік қызметшілерге;

      2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен жұмысшыларға;

      3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды.

      Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

      1) көшуге материалдық көмек беруді;

      2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуді;

      3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;

      4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;

      5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

      6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.

      Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

      Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.

      Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:

      1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

      1.1) бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;

      1.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде;

      1.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

      2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:

      2.1) бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;

      2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде;

      2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

      Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.

      Отбасына жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге асырылады.

      Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:

      1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға қатысушыда қалады;

      2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.

      Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру кезінде кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидиялар беріледі.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі, жұмыскерге қызметтік тұрғын үй немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі жөнінде міндеттемесі көзделеді.

      Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.

      Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.

      Жұмыс берушіге субсидия берілген кезде, Бағдарламаға қатысушыға көшуге және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар төленбейді.

      Жұмыс берушілердің және ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуға қатысқысы келетін адамдардың Бағдарламаға қатысу тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында айқындалады.

      Шығу өңірінде тұрақты тіркелген және кемінде бір жыл тұрған және өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысқысы келетін Қазақстан Республикасы азаматтары қатарындағы үміткерлер шығу өңірлерінің тұрғылықты тұратын жерлеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.

      Шығу өңірінде тұратын үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш білдіреді және құжаттарды қоса береді.

      Өңірлердің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметтерді көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.

      Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы үміткерлердің жиынтық тізімін қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына жібереді.

      Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.

      Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы шешім шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия шешімінің көшірмесін жібереді.

      Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.

      Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң шешім қорытындысы болған жағдайда, үміткер қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдайды.

      Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органы 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      Үміткерлердің көшуі өздігінен жүзеге асырылады.

      Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енген оралмандар оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.

      Үміткерлер көрсетілген елді мекендерге келген соң қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушымен/оралманмен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады және оларды Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосады.

      Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттар тапсырады.

      Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өз бетінше келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен талаптары туралы және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультациялар береді.

      Үміткерлер Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш білдіреді және құжаттарды қоса береді.

      Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты отбасы құрамын, білімі, кәсібі, мамандығы туралы мәліметті көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган өңірлік комиссияның отырысында үміткерлердің тізімін қарайды және қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не бас тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган 5 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда) және бұл туралы үміткерді хабардар етеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өз бетінше келген адаммен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады және оны Бағдарламаға қатысушының құрамына қосады.

      Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бір облыс шегінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:

      Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы жұмыссыздар және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар болып табылады.

      Мыналар:

      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттарының түлектері;

      2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;

      3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;

      4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.

      Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:

      1) көшуге материалдық көмек беруді;

      2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беруді;

      3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үй беруді;

      4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;

      5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыруды қамтиды.

      Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

      Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.

      Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалар тізбесінің жобасын өңірлік комиссияның қарауына шығарады.

      Өңірлік комиссия жыл сайын 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін ауылдар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың тізбесін бекітеді және тізбені халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық арасында ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндіктері туралы ақпараттық жұмыстар жүргізеді.

      Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір аудан ішінде және облыс шегінде көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады.

      Үміткерлер келіскен кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді және құжаттарды қоса ұсынады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде басқа ауданға көшкісі келетіндерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы өтінішті және олардың құжаттарын облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына, ал аудан ішінде көшкісі келетіндерді Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жібереді және бұл туралы өтініш берушілерді хабардар етеді.

      Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыс шегінде облыстық (аудандық) маңызы бар қалаға көшкісі келетін адамдардың өтініштері мен құжаттары келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды өңірлік комиссияның қарауына жібереді.

      Өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындылары бойынша 5 жұмыс күні ішінде:

      аудандық (қалалық) комиссиялар бір аудан ішінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;

      өңірлік комиссиялар бір облыс шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді.

      Аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар 3 жұмыс күні ішінде әзірленген ұсынымдарды тиісті халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

      Өңірлік және аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың келіп түсуіне қарай өткізіледі.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде ұсынымдардың негізінде азаматтарды ауылдардан қалаларға қоныс аудару үшін Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде ауылдардан қалаға қоныс аударуға қатысатын адамдарды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушымен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады.

      Жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздерден қоныс аударушылар үшін жатақханалар салуды және/немесе тұрғын үй сатып алуды жүзеге асыра алады.

      "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының шеңберінде қабылдау өңірлеріне жатпайтын өңірлерде салынған (сатып алынған) жатақханаларға және қызметтік тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жолдайды.

      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу немесе қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді хабардар етеді.

      Бағдарламаға қатысушылар тізіміне қосылған адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу бойынша іс-шараларды қамтиды.

      Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес растайтын құжаттардың негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға көшуге субсидиялар төлейді.

      Салынған жатақханалар мен сатып алынған тұрғын үйлерге, оның ішінде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде, Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.

      Бағдарламаға қатысушылар және ерікті түрде қоныс аударуды ұйымдастыруға қатысатын жұмыс берушілер туралы мәліметтер "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.";

      "5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру" тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында:

      1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;

      2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке онлайн-алаңдардың дерекқорындағы;

      3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.";

      жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке онлайн-алаңдардың дерекқорын жұмысқа орналастырудағы делдалдық бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ орналастырылатын мәліметтер есебінен өздері дербес қалыптастырады.

      Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке онлайн-алаңдар өздерінің ыңғайына қарай еркін қолжетімді порталға ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты орналастыра алады.";

      мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жұмыс іздеушілер туралы ақпарат рекрутингтік порталдармен интеграциялау, не жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспортталуы мүмкін.

      Жұмысқа орналастыру бойынша жеке онлайн-алаңдар тәулігіне 1000-нан астам келушілері бар жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке және мемлекеттік алаңдарда жұмысқа орналастыру көрсеткіші орналастырылған резюмелердің 50 пайызынан және одан жоғары болған жағдайда еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында – "Еңбек биржасында" жұмыс іздеу және персонал таңдау функциясы бәсекелес ортаға беріледі.";

      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушілер үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

      1) ізденушілердің дерекқорына қолжетімділік;

      2) "Еңбек нарығы" ААЖ-да онлайн-режимде автоматты түрде берумен және орналастырумен бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы мәліметтерді жіберу;

      3) мәлімделген вакансияларға сәйкес ізденушілерді іріктеу;

      4) ізденушіні сұхбаттасуға шақыру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы ізденушіні немесе халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар ету;

      5) жұмыс берушінің таратылуына не жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің босатылуы туралы ақпаратты ұсыну;

      6) болжамды жұмыс орындары туралы мәліметтерді жіберу;

      7) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ізденушілер қатарынан кәсіптік оқытуға өтінімдерді қалыптастыру;

      8) үміткерлер мен вакансиялар бойынша күн сайынғы және жалпы статистиканы қарау;

      9) дербес деректерді, сондай-ақ үміткер деректерін редакциялау;

      10) үміткер үшін жұмыс тарихын қосу;

      11) үміткерлерді іріктеу: белсенді, жасырын және шыққандар;

      12) жаңа вакансия құру;

      13) вакансия фильтрлерін теңшеу;

      14) порталдың мобильді нұсқасында телефон арқылы байланысу және үміткерлерге SMS-хабарламалар жолдау мүмкіндігі;

      15) жүйеде және телеграм ботта электрондық поштаға белгіленген өлшемшарттар бойынша жаңа резюмелердің пайда болуы туралы хабарламалар алуға жазылу;

      16) жұмысқа қабылдау процесін қадамдық қадағалау, вакансияға жауап беру, сұхбаттасуға шақыру, жұмысқа қабылдаудан бас тарту немесе қабылдау.";

      он сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру бойынша жеке онлайн-алаңдар үшін порталда мынадай мүмкіндіктер беріледі:

      1) ізденушілер мен бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) дерекқорына онлайн қолжетімділік;

      2) заңнамаға сәйкес еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызметтер көрсету үшін ізденушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы деректерді пайдалану;

      3) Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ізденушілер туралы деректерді тексеру қызметтері;

      4) еңбек делдалдығына жүгінген және жұмысқа орналастырылған адамдардың саны туралы ақпаратты ұсыну арқылы еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын – "Еңбек биржасын" қалыптастыруға қатысу;

      5) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ізденушілер қатарынан кәсіптік оқуға өтінімдер қалыптастыру;

      6) үміткерлер мен вакансиялар бойынша күн сайынғы және жалпы статистиканы қарау;

      7) дербес деректерді, сондай-ақ үміткер деректерін редакциялау;

      8) үміткер үшін жұмыс тарихын қосу;

      9) үміткерлерді іріктеу: белсенді, жасырын және шыққандар;

      10) жаңа вакансия құру;

      11) вакансия фильтрлерін теңшеу;

      12) үміткерлерге электрондық поштаға хаттар жіберу;

      13) үміткерлерге автоматты түрде телефон соғу және SMS-хабарламалар жіберу;

      14) үміткерлердің жүйедегі және телеграм боттағы деректері бойынша хабарламалар және жадынамалар алу;

      15) жұмысқа қабылдау процесін теңшеу және қадамдық қадағалау (топтық сұхбаттасу, жеке сұхбаттасу, тестілеу).";

      ізденушілердің портал жұмысына қатысу тетігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ізденушілер дербес ақпаратты порталдағы "жеке кабинетінде" өз бетінше орналастырады не мұндай ақпарат порталға жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында дербес деректерді интернетте жариялауға келісумен "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтары орналастырады;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің портал жұмысына қатысу тетігінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру бойынша жеке онлайн-алаңдардың портал жұмысына қатысу тетігі";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру бойынша жеке онлайн-алаңдар еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызметтер көрсету үшін порталға орналастырылған ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы деректерді пайдалана алады;";

      еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – "Еңбек биржасы" шеңберінде жұмысқа орналастыруға мониторинг жүргізу және есепке алу тетігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ қоса алғанда, еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын – "Еңбек биржасын" және порталды республикалық деңгейде сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек нарығын дамыту орталығы" АҚ қамтамасыз етеді;

      2) зейнетақы аударымдары туралы деректерді салыстырып тексеру аптасына бір рет жүргізіледі;

      3) дербес кредиттік рейтингті салыстырып тексеру ізденушінің келісімімен жүргізіледі;

      4) ізденушілерді жұмысқа орналастыру белгіленген нысандар бойынша ведомстволық статистикалық есептілікте көрінеді.";

      "5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету" тармағында:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдар осы Бағдарлама шеңберінде пайдаланылмаған жергілікті бюджет қаражатының қалдығы және үнемдеуі көрсетілген қаражатты халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мынадай жұмыс және объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:";

      іске асыру тетігінде:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) пайдаланылмаған жергілікті бюджет қаражатының қалдығы және үнемдеу, бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;";

      Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыруда:

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "ВАК мынадай негізгі өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның орындалуының негізгі қорытындыларын қарайды және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны, сондай-ақ тиісінше салалар бойынша және өңірлерде жұмыс орындарын құру және жұмысқа орналастыру бөлігінде мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.

      Бағдарлама операторлары өз құзыреті шегінде бір-бірімен және басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып:

      1) Бағдарламаны нормативтік-құқықтық, әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      2) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      3) Бағдарламаның бағыттары бойынша тетіктердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      4) Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті қамтамасыз етеді және Бағдарлама бағыттары бойынша қатысушылар және мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректердің дәйектілігіне жауапты болады;

      5) Бағдарламаның бағыттарын іске асыру тетіктерін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

      6) жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ай сайын ақпарат ұсынады.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы және өңірлік кәсіпкерлер палаталары:

      1) Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша білім беру ұйымдарының, мамандықтар мен кәсіптердің тізбесін айқындауға, сондай-ақ Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниет білдірген адамдарды тартуға қатысады;

      2) ТжКБ-мен кадрлар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;

      3) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы болып табылады;

      4) мобильді оқу орталықтарын құруға, іске қосуға және іске асыруға қатысады;

      5) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудандарды және елді мекендерді мамандандыру карталарын әзірлейді;

      6) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      7) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру/бермеу туралы қорытынды береді;

      8) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алған Бағдарламаға қатысушыларды 1 жыл бойы сүйемелдеуді жүргізеді.";

      оныншы және он бірінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

      1) ӨКП-мен бірлесіп Бағдарламаға қатысушыларды 2018 жылға дейін "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады;

      2) микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

      3) ӨКП-мен бірлесіп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге көзделген қаржы қаражатын бөледі және ұсынады;

      4) кредиттер/микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;

      5) ауылда және аудан орталықтарында "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуына және қалаларда кредит/микрокредит беруге мониторингті жүзеге асырады;

      6) ай сайынғы негізде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады.

      Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар:

      1) "АШҚҚҚ" АҚ және микрокредит беру ұйымының қарыз шарттары бойынша бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;

      2) микрокредиттерге ішінара кепілдік беру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін қаржы қаражатын бөледі;

      3) ауылда микрокредит берудің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

      4) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      5) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялау шеңберінде субсидиялау жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;

      6) ай сайынғы негізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынады;

      7) 2018 жылдан бастап ӨКП-мен бірлесіп, Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады.";

      "Қажетті ресурстар" деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны іске асыруға:

      1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 295 647 мың теңге, 2018 жылы – 40 664 637 мың теңге, 2019 жылы – 41 540 291 мың теңге көзделеді;

      2) жергілікті бюджет есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.";

      "Бағдарлама өлшемшарттары" деген 7-бөлімде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;";

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      "Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген бөлімде:

      "1-міндет. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту" деген кіші бөлімде:

      "Нәтижелер көрсеткіштері:" деген бөліктің 2) тармақшасының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бизнес ашқан және/немесе кеңейткен қатысушылардың үлесі";

      "Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген бөлімде:

      "1-міндет. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу" деген кіші бөлімде:

      "Нәтижелер көрсеткіштері:" деген бөліктің 1) тармақшасының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер қатарындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған адамдардың үлесі";

      "Іс-шаралар" деген бөліктің 2, 3, 6, 7, 10 және 11-тармақтарының 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕРДО" АҚ-ға есеп";

      "2-міндет. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру": деген кіші бөлімнің "Нәтижелер көрсеткіштері:" деген бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған оралмандар мен қоныс аударушылар отбасыларының саны

мың адам



ЖАО

2,7

9,3

9,5

9,3

3,2




      ";

      "Іс-шаралар" деген бөліктің 3-тармағының 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕРДО" АҚ-ға ақпарат".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев