Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 822 қаулысы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне жалпы ұзындығы 84,0 метр "Павлодар қаласының айналма жолы" 3-учаске – Ертіс өзені арқылы реттегіш құрылыстарымен көпір өткелі" автомобиль жолы уақытша технологиялық көпірінің металл құрастырмалары берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті және Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев