Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 821 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мыналарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін:

      "Эстрада" номинациясы бойынша

Ибрагимов
Серік Жарылқасынұлы
 

-

эстрада әншісі, музыкант, композитор
 

Жүгүнісов
Рүстем Ерболатұлы
 

-

эстрада әншісі

"Классикалық музыка" номинациясы бойынша

Мұсахан
Шернияз Ерұланұлы
 

-

"Young Eurasian Soloists" камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі және солисі
 

Мудряк
Мария Александровна            

-

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының опера труппасының солисі
 

"Халық шығармашылығы" номинациясы бойынша

Әуезхан
Сырым Асылханұлы

-

айтыскер, ақын

Сартай
Дәулетхан
      

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті"  республикалық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы

"Әдебиет" номинациясы бойынша

Мәлікова
Динара Ерболқызы
 

-

ақын

Тоқтарбай
Елдос Нүсіпұлы
 

-

жазушы, әдебиет зерттеушісі

"Театр және кино" номинациясы бойынша

Абдуллина
Динара Жеңісқызы
 

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі

Адамжан
Бақтияр Бақытжанұлы
 

-

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының балет трупасының жетекші солисі
 

"Спорт" номинациясы бойынша

Тен
Денис Юрьевич
 
 
 
 

-

қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2013 және 2015 жылдардағы мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы, 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада чемпионы

Сәдуақасова
Динара Рамазанқызы

-

әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы, әйелдер арасында шахматтан 2015 және 2017 жылдардағы Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері

"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы бойынша

Асқар
Нұрболат Талғатұлы

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің студенті

Халиев
Берік Жұмағалиұлы
 

-

Жамбыл облысының әкімдігі Білім басқармасының "Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оқытушысы

"Журналистика" номинациясы бойынша

Әбділов
Әлібек Сағидоллаұлы
 

-

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының "Қазақ радиолары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңалықтар қызметінің редакторы, жүргізушісі

Мұхамеджан
Ерболат Амангелдіұлы
 
 

-

журналист, тележүргізуші, талдамашы, "Atameken Business Channel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Басты тақырып" бағдарламасының жүргізушісі

"Қоғамдық қызмет" номинациясы бойынша

Кәрібек
Дәулет Жамаубайұлы

-

"Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты хатшылығының жетекшісі

Қонысбаев
Ілияс Лесұлы
 

-

Атырау облысы бойынша "Қазақстан-2050" жалпыұлттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің өңірлік үйлестірушісі

"Ғылым" номинациясы бойынша

Ақылбеков
Нұрғали Икрамұлы
 
 
авторлар ұжымы:
 

-

инженер, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші маманы

Корольков
Илья Владимирович
 
 
 

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инженерлік бейіндегі зертхананың кіші ғылыми қызметкері

Шлимас
Дмитрий Игорьевич
 
 
 

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының докторанты

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының 2017 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 200000 (екі жүз мың) теңге сомасында белгіленсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев