Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
114-27), 114-28) және 114-29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"114-27) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту;
114-28) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту;
114-29) мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 120), 121), 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133), 134), 135) және 136) тармақшалармен толықтырылсын:
"120) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын жасау, оларды ұсыну қағидаларын бекіту;
121) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын бекіту;
122) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту;
123) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алу-бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
124) этил спирті және алкоголь өнімі өндірісінің паспорттары үшін қажетті мәліметтердің тізбесін бекіту;
125) этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін бекіту;
126) этил спиртін сақтау мен еткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту;
127) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
128) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту;
129) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну нысанын, тәртібі және мерзімдерін айқындау;
130) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібін және мерзімін айқындау;
131) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібін белгілеу;
132) темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту;
133) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімін бекіту;
134) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту;
135) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу тәртібін бекіту;
136) салық төлеушілердің (салық агенттерінің) және (немесе) декларанттардың не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адамдардың тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарын салық және (немесе) кеден заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қарау;";
ведомстволардың функцияларында:
97) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"97) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 97-9), 97-10), 97-11), 97-12), 97-13), 97-14), 97-15), 97-16), 97-17), 97-18) 97-19), 97-20), 97-21), 97-22), 97-23), 97-24), 97-25), 97-26), 97-27), 97-28), 97-29) және 97-30) тармақшалармен толықтырылсын:
"97-9) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
97-10) мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын әзірлеу;
97-11) мұнай өнімдерінің айналымы жөнінде декларациялар нысандарын, оларды ұсыну және жасау қағидаларын әзірлеу;
97-12) мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру тәртібі мен талаптарын әзірлеу;
97-13) шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін-есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін - акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін әзірлеу;
97-14) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін әзірлеу;
97-15) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;
97-16) шарап материалы, сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
97-17) этил спирті және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлеу;
97-18) этил спирті және алкоголь өнімін ендіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлеу;
97-19) этил спиртін сақтау мен еткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) тәртібін әзірлеу;
97-20) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең темен бөлшек сауда бағаларын әзірлеу;
97-21) өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра мен сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-22) темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
97-23) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-24) темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды табыс ету нысанын, тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-25) темекі өнімдерін акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібін әзірлеу;
97-26) темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
97-27) биоотын айналымына камералдық бақылауды жүзеге асыру;
97-28) биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
97-29) биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;
97-30) биоотынға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібін әзірлеу;";
131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"131) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалар тізілімін жүргізу;";
144) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"144) сот шешімі бойынша:
"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу;
"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіппен банкроттық рәсімін қозғамай, банкротты жоюды жүргізу;";
152) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |