Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 62) және 63) тармақшалармен толықтырылсын:
"62) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді;
дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуді жүзеге асыру;
63) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;
дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу тәртібін бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |