"2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 481 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Ізгілікті педагогика әдістері мен тұлғалық бағдарланған оқыту тәсілдерін қолдана отырып, балаларды оқыту және тәрбиелеу

Имандылық-рухани білім беру бағдарламасын интеграциялау негізінде білім беру қызметтерін көрсету. Жалпы адами құндылықтарға бағдарлана отырып, интеграцияланған оқу бағдарламала рын іске асыру

Қазақстан Республи касының Білім және ғылым министрлігі

"Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибе лік, білім беру және сауықтыру орталығы" РМКК

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" 100 "Балаларды республикалық білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу"

613
565

      ".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев