"2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 377 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      реттік нөмірлері 72, 73-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

72

Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық және консервациялық жұмыстар жүргізу

Жаңғырту және реставрациялау арқылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазреставрация" ШЖҚ РМК

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 100 "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу"

486481

73

Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеуді жинақтау және жүйелеу

ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген объектілердің аумақтарының, қорғау аймақтарының шекарасын әзірлеу мен айқындау және деректер қорын жасау, Ескерткіштерді "Ұлы Жібек Жолы" сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізу үшін мәдени мұра объектілерінің ғылыми құжаттамаларын дайындау (номинациялар мәтінін дайындау, қорғау аймақтарының жобасын әзірлеу), Ескерткіштерді "Ұлы Жібек Жолы" сериялық номинациясына енгізу үшін оларды сақтау және пайдалану бойынша менеджмент жоспарларды әзірлеу жөнінде қызметтер көрсету; Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарындағы ескерткіштердің жай-күйін мониторингілеу

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазреставрация" ШЖҚ РМК

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 101 "Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеуді жинақтау және жүйелеу"

27000

      ";

      реттік нөмірі 76-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

76

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар

Классикалық би және балет бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Астана Балет" театры" ЖШС

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу"

2428372

      ";

      реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған мерекелік іс-шараларды, салтанатты концерттерді, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберіндегі іс-шараларды, халықаралық конкурстар мен фестивальдерді өткізу, Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері шеңберінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТҮРКСОЙ, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазақ әуендері" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу"

6443721

      ".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев