07.06.2017

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 03.04.2020 № 165 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 4-5-6, 23-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттік көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнде:

      3-бағанда:

      реттік нөмірі 104-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру";

      реттік нөмірі 156-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев


Дата вступления в силу:  07.06.2017
Дата изменения акта:  03.04.2020
Дата принятия акта:  07.06.2017
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 15.06.2017 ж., № 113 (29094); "Казахстанская правда" от 15.06.2017 г., № 113 (28492); жарияланды; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 12.06.2017 ж.; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 20, 164-құжат. Басуға қол қойылған күні 14.07.2017 ж
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  112640
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  339
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005000000000 / 005001000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz