"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016 – 2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 103 қаулысына өз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 сәуірдегі № 220 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысы негізінде Қазығұрт ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауыл округі, Шарапхана елді мекенінің барлығы 349,53 гектар жеріне 2,0 гектар жайылым жер қосылып, Шарапхана елді мекенінің аумағы 351,53 гектарға ұлғайтылып, шекарасы өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Телғараев
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Уисимбаев
      Аудандық мәслихат
      хатшысы У.Копеев