11.04.2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

      РҚАО-ның еспкертпесі!
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 11 сәуірдегі
№ 192 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 15-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 30-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 460-құжат).


Дата вступления в силу:  11.04.2017
Дата изменения акта:  11.04.2017
Дата принятия акта:  11.04.2017
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 13.04.2017 ж. ; "Егемен Қазақстан" 20.04.2017 ж., № 76 (29057); "Казахстанская правда" от 20.04.2017 г., № 76 (28455); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 15, 99-құжат. Басуға қол қойылған күні 26.05.2017 ж. жарияланды
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  111071
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  192
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz