Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 119 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамынан банктік қарыз алу үшін "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына осы қаулыға қосымшаға сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық caлу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 16 наурыздағы
№ 119 қаулысына
қосымша

Үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат етілетін "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлік объектілерінің тізбесі

Р/с№

Объектінің атауы

Литер

Объектінің орналасқан жері

Жалпы ауданы

Кадастрлік нөмірі

1

2

3

4

5

6

1.

Жолаушылар терминалы
 

А2

Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 119-үй

25190,7 ш.м.

21-320-054-257

2.

Бақылау-өткізу пункті

Ң

Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 119-үй

32,8 ш.м.

21-320-054-257