Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 63 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жайсаңбай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 8 "Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-143 тіркелген, 2011 жылдың 25 қазанында аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі атауында "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі Ғ.БАЙТАҚОВ