"2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 39 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 62-1, 62-2 және 64-1-жолдармен толықтырылсын:

      "

62-1

Ұлттық фильмдер өндірісі

Халықтың рухани қажеттілігін қанағаттандыра алатын, мемлекеттің мүддесіне және әлемдік аренада мемлекеттің бедел-бейнесіне қызмет ететін, көркемдік деңгейі жоғары ұлттық фильмдерді өндіру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті арттыру және қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің жүзеге асырылу тиімділігін арттыру" 104 "Ұлттық фильмдер өндірісі"

795283

62-2

Ұлттық фильмдерді дубляждау, сценарий қорын қалыптастыру, үздіксіз кинотехнологиялық процеспен қамтамасыз ету, ұлттық фильмдерді сақтау, ұлттық фильм дерді тираждау және дистрибьюциялау бойынша көрсетілетін қызмет тер

Барлық ұлттық фильмдерді түпнұсқа тілінен мемлекеттік тілге дубляждау, мемлекеттік фильмдер қорын құру және сақтау, фильмдер прокатын ұйымдастыру, тираждау мен дистрибьюциялауды жүзеге асыру кезінде фильмдердің меншік иесінің құқығын және фильм иесінің басқа да құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті арттыру және қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің жүзеге асырылу тиімділігін арттыру" 104 "Ұлттық фильмдер өндірісі"

286222

64-1

Мемлекет басшысының қатысуы мен өтетін іс-шаралар

ҚР-ның мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерді өткізу, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрме аясындағы іс-шараларды, халықаралық конкурстар мен фестивальдерді өткізу, Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері аясында концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТҮРКСОЙ, Шыңжан-Ұйғыр автономдық ауданының іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазақ әуендері" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті арттыру және қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің жүзеге асырылу тиімділігін арттыру" 105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу"

4010105

      ".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев