"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақыларда:
2-бағанда:
1-тармақтың екінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Олимпиадалық даярлау орталығының, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектептерiнiң, балалар мен жасөспiрiмдер мамандандырылған спорт мектептерiнiң, спорт колледждерiнiң, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жоғары спорт шеберлiгі мектептерiнiң, мектеп-интернат-колледждерінің, Олимпиадалық резервтi даярлау орталығының, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының жұмыскерлерiне: |
";
2-тармақтың екінші жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Олимпиадалық даярлау орталығының, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінiң, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектептерiнiң, мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, спорт колледждерiнiң, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, мектеп-интернат-колледждерінің, жоғары спорт шеберлiгі мектептерiнiң, Олимпиадалық резервті даярлау орталығының, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының жаттықтырушы-оқытушыларына: |
".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |