"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 705 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1153 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 596-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 21-2-жол алып тасталсын.
      Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев