"Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 642 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Біртанов
Елжан Амантайұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

Жабатаева
Айнұр Асылбекқызы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары;

Пірімқұлов
Ахметжан Әбдіжәмілұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

      мына:

«Асылова
Бибігүл Аманкелдіқызы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Асылова
Бибігүл Аманкелдіқызы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі»;

      көрсетілген құрамнан Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов, Такир Оспанұлы Балықбаев, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев