Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 68 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №8-9-10, 45-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2016 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
«
2 |
«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» |
589 655 811 |
2016 – 2018 |
471 123 970 мың теңге, 1 600 млн. АҚШ долларына дейін балама |
«Астана LRT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қытай Даму Банкі |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев