"Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-а

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 419 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 212-бабына және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
      1) шарттар:
      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2016;
      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
      2) көлемі:
      Ақтөбе облысы – 4 494 501 000 (төрт миллиард төрт жүз тоқсан төрт миллион бес жүз бір мың) теңгеден артық емес;
      Солтүстік Қазақстан облысы – 3 399 482 000 (үш миллиард үш жүз тоқсан тоғыз миллион төрт жүз сексен екі мың) теңгеден артық емес;
      Павлодар облысы – 1 160 000 000 (бір миллиард жүз алпыс миллион) теңгеден артық емес;
      Қарағанды облысы – 887 849 000 (сегіз жүз сексен жеті миллион сегіз жүз қырық тогыз мың) теңгеден артық емес;
      Оңтүстік Қазақстан облысы – 1 650 000 000 (бір миллиард алты жүз елу миллион) теңгеден артық емес;
      Қостанай облысы – 2 330 772 000 (екі миллиард үш жүз отыз миллион жеті жүз жетпіс екі мың) теңгеден артық емес;
      3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрінің м. а.                    Р. Дәленов