"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 413 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
      «Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «68-1) Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау және Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігімен, оның ішінде қабылданған міндеттемелерді орындауымен және келіссөздерге қатысуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;»;
      мынадай мазмұндағы 86-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «86-1) мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолу жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;
      290) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «290) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды бекіту тәртібін айқындау;»;
      «Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта:
      290) тармақша алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов